Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

Сүйінші! Колледж студенті ҚР-нің колледж студенттерінің ТОП 100 студентіне енді!

2025 жылғы 21 сәуір күні "Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ТОП100 студенті" байқауы өз мәресіне жетті. Байқау қорытындысы бойынша Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің "Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі" мамандығының 3-курс студенті, колледждің "Жігер" СП-нің президенті Тикенова Анел ТОП 100 студенттің қатарына енді. Байқауға жалпы саны 2604 студент қатысты. Анел алғашқы 20 студенттің қатарынан табылды. Осындай тамаша жетістік көрсеткен Анел мен оның жетекшісі Кабылова Меруерт Блялкызын құттықтаймыз.

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2025 ж. 21 сәуір

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 21 сәуір
Сенбілік жасалды

Сенбілік жасалды

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 21 сәуір
Сүйінші!

2025 жылғы 15 - 19 сәуір аралығында Түркістан қаласында өткен Республикалық «Ұлттық студенттік лигада» футболдан Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің ер балалар командасы жүлделі 3-орын иеленді. Команда құрамында ойнаған студенттеріміз: Бүркітбаев Ерасыл(ДМ-21-1), Маясаров Бекзат(ДМ-21-3), Куаныш Дінмұхаммед(ӘЖ-23-1), Мишанов Артем (ФК-23-4), Романюк Сергей(ФКТ-24-1/11), Бериков Эльдар(ФК-22-2), Кошумов Асылжан(ДМБ-22-1), Рахатжан Нұршахар(ДМ-24-3), Өдесхан Әсет(ДМБ-23-3), Қажкен Темірлан(ДМ-23-1), Жарылқасын Ернияз(ДМ-22-1), Туманов Степан(WEB-24-2). Жалпы командалық есепте Қарағанды облысы жүлделі 2-орын иеленді. Жеңімпаз студенттеріміз бен олардың жаттықтырушысы, колледж оқытушысы Манат Абзал Ержанұлын құттықтаймыз!

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 21 сәуір
Сүйінші!

2025 жылғы 15 - 19 сәуір аралығында Түркістан қаласында өткен Республикалық «Ұлттық студенттік лигада» волейболдан Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің ер балалар командасы жүлделі 3-орын иеленді. Команда құрамында ойнаған студенттеріміз: Аймуратов Бекболат (ДМ-23-1), Хален Бақжұлдыз (ДМБ-24-1-11), Әшім Нұрым (ДМ-22-1), Нұрмағанбет Нұрәлібек (ТИБ-22-2), Сәйпейіл Алишер (ДМ-24-3), Амиртаев Ернат (ДМ-23-1), Омирзаков Диас (ФК-23-4), Юсупов Әділ (ДМБ-23-1-11), Кусайынов Бектас(ДМ -22-1), Салдатұлы Ерасыл (ДМ-22-3), Нурбатыров Ерканат(ДМБ-23-1-11), Тугелбай Амир (ДМЖ-24-1). Жеңімпаз студенттеріміз бен олардың жаттықтырушысы, колледж оқытушысы Мықтыбеков Сапарбек Дәуренбекұлын құттықтаймыз!

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/