Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

Ккао Болашак Ккао Болашак Республикалық ғылыми-әдістемелік семинарға қатысу

2025 жылғы 10 сәуірде "Колледжде оқу - әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың заманауи тәсілдері: цифрландыру, инновациялар және білім беру сапасы" тақырыбында республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Шараны Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы, "М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж" КМҚК ұйымдастырды. Семинардың мақсаты: тәжірибені тарату, өзекті мәселелерді талқылау және колледжде білім беру процесін ұйымдастырудың тиімді шешімдерін іздеу.
Семинар жұмысына Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің, М.Жұмабаев жоғары колледжі, Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің басшылары мен педагогтері қатысты. Педагогтердің өзекті білім беру мәселелері бойынша баяндамалары тыңдалды. "Bolashaq"колледжінің педагогтері келесі тақырыптар бойынша өз тәжірибелерін ұсынды:
Капанова И. Х., Қонабаева А. Д.: "Оқу-әдістемелік жұмыстың мониторингі мәселелері"; Тусупбаев А. Т.: "Білім беру үздігін жасанды интеллектісі пайдалану"; Капанова И. Х., Абилдина Б. К.: "Оқу құралы педагогтің әдістемелік жұмысының маңызды құралы ретінде ("Педагогтің әдістемелік жұмысының негіздері" оқу құралы жұмыс тәжірибесінен); Касымова Н.К.: "Геймификацияның кәсіптік даярлыққа ықпалы арқылы маман дағдыларын дамыту"; Елибаева-Мұхтар А.М., Сырбаева Н.Б.: "Колледждердің педагогикалық мамандықтары студенттеріне арналған киберпедагогика негіздері "оқу курсы". Семинар соңында педагогтер осындай семинарлардың қажеттілігі мен маңыздылығы туралы пікір алмасты.

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2025 ж. 18 сәуір
Телекөпір

2026 жылғы 10 сәуірде Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің студенттері «Заң және тәртіп» идеологемасын ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, сондай-ақ жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Қарағанды облысының білім басқармасы облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп өткізген телекөпірге қатысты. Телекөпірде есірткіні жасырын тарату («закладка») қаупі, интернет-алаяқтық және дропперлік, жасөспірімдер арасындағы буллинг және кибербуллинг мәселелері тақырыптары қозғалды. Аталған жиынға жазасын өтеп жатқан, жасаған ісіне өкініш білдірген және жасөспірімдерге ой айта алатын сотталғандар спикер ретінде қатысып, өздерінің басынан өткен оқиғаларын, бас бостандығынан айырылу себептерін ортаға салды.

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 18 сәуір
Театр күні

2026 жылғы 8 сәуірде Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің ИН-25-2, РБ-25-2/11 топтары К.С. Станиславский атындағы орыс драма театрына барып, режиссер Елдос Лекеновтің сахналауымен қойылған «Болмаған әңгіме» трагикомедиясын тамашалап қайтты. Родион Белецкийдің пьесасы бойынша қойылған трагикомедиядан студенттеріміз үлкен әсермен оралды.

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 18 сәуір
ЖИТС-тің алдын алу

2026 жылғы 1 сәуір күні Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжінде “ИТВ және ЖИТС ауруларының алдын алу” тақырыбында дәріс оқылды. Мақсаты - студенттердің ИТВ/ЖИТС туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру, аурудың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Дәрісті ҚОДСБ «Қарағанды облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресі жөніндегі орталығы» маманы Жанбай Бекзат Қайроллаұлы оқыды. Дәріс барысында маман студенттерге аурудың жұғу жолдары, алдын алу шаралары, қауіпсіз мінез-құлық дағдылары және жеке жауапкершілік туралы түсіндірілді. Сонымен қатар студенттерге сұрақтар қойылып, кері байланыс жүргізілді. Студенттермен сұрақ-жауап жүргізіліп, олардың білім деңгейі тексерілді, қажетті ақпаратты толық игеріп, маман кеңестерімен танысты. Қатысқан топтар: М-25-1, НО-25-2.

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 18 сәуір
Денсаулығың - зор байлығың

2026 жылғы наурыз айында Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінде "Денсаулығың - зор байлығың" акциясы өтті. Онда студенттерге жадынама қағаздары таратылды. Жадынамада күн тәртібі, дұрыс тамақтану, сколиоздың алдын алу, миопияның алдын алу, дене белсенділігі секілді денсаулыққа маңызды ақпараттар ұсынылған. Сенің денсаулығың - сенің байлығың, сенің ғана құндылығың. Денсаулығыңа жауапты қара!

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/