Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

Баскетболдан - 3-орын!

2025 жылғы 4 сәуір күні Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің студенттерінен құралған ұлдар командасы колледж студенттерінің арасында баскетболдан өткен "Ұлттық студенттік лига" облыстық жарыста жүлделі 3-орын иеленді. Команда мүшелері: Бейсен Алан(ТИБ-22-2), Жидебай Дарын (ФК-24-2), Жаналы Жомарт (ДМБ-22-1), Мухамедрахимов Ильяс (WEB-24-2), Дюсебеков Дархан (WEB-23-1), Жаппаров Жантөре (ДМБ-22-1), Киікбай Ералы (ТЖЭ-23-1), Бакил Даниял (ФК-23-2), Маков Азамат(ДМ-21-3), Қайыржанов Ғибрат (ТИБ-22-2) және жаттықтырушысы, колледж оқытушысы Буркитсетер Нуртилекті жеңістерімен құттықтаймыз! 
 

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2025 ж. 7 сәуір
"WorldSkills Karaganda-2025" өңірлік чемпионатында алғыс хат табысталды

2025 жылғы 11 маусымда аталмыш чемпионаттың қорытындысы жарияланып, жеңімпаздар марапатталған болатын. Биыл чемпионатқа өңір бойынша 38 колледжден 286 студент қатысты. Чемпионат қорытындысы бойынша 148 жүлдегер анықталды, сондай-ақ 40 қатысушы кәсіби шеберлігі үшін медальон иегері атанды. Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің студенттері өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетіп, үш 1-орын, бір 2-орын және кәсібилігі үшін медальон иеленіп, өңір колледждерінің ішінде 8-орын иеленді. Колледж директоры Мамраева Гайни Баймагамбетқызына "аймақтық чемпионатты ұйымдастырып, өткізуге белсенді қатысқаны үшін" алғыс хат табысталды. Барша жеңімпаздар мен марапат иелерін құттықтаймыз!

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 7 сәуір
Құттықтаймыз!

Қазақстандағы жұмысшы мамандықтар жылына және Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің 60 жылдығына арналған "60 үздік бағдарламашы" Республикалық онлайн-олимпиадасында Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжінің студенттерінен құралған команда жүлделі 2-орынға ие болды. Команда құрамы: Мұхамбет Ғани (БҚҚ-23-1), Жанбырбаев Алибек (БҚҚ-23-1), Зейнолла Нұрай (БҚҚ-22-1), Рахимжанова Алуа (БҚҚ-22-1). Жетекшісі - Тусупбаев Аблайхан Тулегенович. Құттықтаймыз!

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 7 сәуір
Колледж студенттері - “Worldskills -2025” чемпионатында жеңімпаздар қатарында

2025 жылғы 11 маусым күні облыстық “Worldskills -2025” чемпионатының жабылу салтанаты өтіп, жеңімпаздар марапатталды. Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжі студенттері чемпионаттың бірнеше құзыреттіліктері бойынша жеіңмпаз атанды. Олар: 1. Бастауыш сыныптарда оқыту құзыреттілігі бойынша Нурмагамбетова Аружан (Сарапшысы Бакижанова Ж.М.) жүлделі 1-орын; 2. Мобильді робототехника құзыреттілігі бойынша Совет Мансур, Ғалымжан Әділжан (Сарапшысы Балапан Х.) – жүлделі 1-орын; 3. ⁠Қонақ үй қабылдаушысы құзыреті бойынша Куралова Дильназ (Сарапшысы Муканова И. Е.) – жүлделі 1-орын; 4. Мобильді қосымшаларды әзірлеу құзыреттілігі бойынша Бейсен Алан (Сарапшысы Манашева М.С.) – жүлделі 2-орын; 5. Мектепке дейінгі тәрбие құзыреттілігі бойынша Укибаева Гуллазат (Сарапшысы Еркинова З.А.) кәсібилігі үшін медальон иеленді. Барлық жеңімпаздар мен олардың сарапшыларын құттықтаймыз! Біз Сіздермен мақтанамыз!

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 7 сәуір
Салтанатты жиын өтті

2025 жылғы 4 маусым күні Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінде ҚР Мемлекеттік Рәміздері күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер - тәуелсіздігіміздің белгісі» атты салтанатты жиын өтті. Жиында Мемлекеттік рәміздер туралы ақпарат беріліп, патриоттық әндер мен күйлер орындалды, флешмоб биленді. Шара мақсаты - өскелең ұрпақтың патриоттық сезімдерін ояту, мемлекеттің егемендігінің айшықты белгісі - рәміздеріміздің мән-маңызын түсіндіру.

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/