Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

Әлеуметтік серіктестермен біріккен шара өтті

2025 жылғы 27 наурызында Қарағанды «BOLASHAQ» жоғарғы колледжінің кітапханашылары колледждің әлеуметтік серіктесі, Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасымен бірігіп, қазақ поэзиясының көрнекті ақыны, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері С. Ақсұңқарұлының туғанына 75 жас мерейтойына арналған «Поэзия-әлі әсем жамалында» атты поэзия сағатын өткізді. Мақсаты: Жасөспірімдерге ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстыру, поэзиясының көркемдік ерекшелігін ұғындыру, әдебиетке деген сүйіспеншілікті арттыру. Шарада ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат беріліп, колледж студенттері Муктарбекова Аңсаған, Сапаш Дина, Рахымбаева Еркеназ, Ержан Аяна, Мейраш Мағжан, Серік Фатима «Мен ұлыған Көк бөрісі даланың», «Көңілім менің қараңғы», «Көк бөрі», «Қазақ», «Патша-көңіл», «Кардиограмма», «Дауыс» т.б. С. Ақсұңқарұлының өлеңдерін оқыса, Кенжебай Еламан ақынға өзінің арнауын арнады. Ақынның «Шайтанкөл» әнін Қасымханов Айбектің орындауы шараның сәнін келтірді. Шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалды.


Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2025 ж. 2 сәуір
ҚР чемпионатынан жеткен тағы бір жағымды хабар

Щучинск қаласында орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік ұйымдарының студенттері арасында футболдан өтіп жатқан “Ұлттық спорттық лига” республикалық спартакиадасында Қарағанды “ Bolashaq” жоғарғы колледжінің футбол командасы 22 мамыр күні Түркістан облысының қарсылас командасын 8:2 есебімен жеңді. Студенттеріміздің жеңіс тұғырынан табылуын тілейміз!

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 2 сәуір
Халықаралық чемпионатта - 1-орын

13.05.2026ж.-22.05.2026ж. күндер аралығында Көкшетау қаласында өткен «Dosti Skills Kokshetau 2026» халықаралық чемпионатында «Автономды мобильді робототехника» құзыреттілігі бойынша Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің «Бағдарламалық қамтамасыз ету» (түрлері бойынша) мамандығының БҚҚ-23-1 тобының студенттері Жанбырбаев Алибек, Мұхамбет Ғани жүлделі 1-орын иеленді. Аталмыш құзыреттілік бойынша 5 елден 14 команда қатысқан бәсеке өте тартысты өтті. Жеңімпаздарымызға жетекшілік еткен, сонымен қатар байқауға сарапшы ретінде қатысқан директордың ақпараттандыру технологиясы жөніндегі орынбасары, информатика пәнінің оқытушысы А.Т.Тусупбаевты және жеңімпаздарымызды тамаша жетістіктерімен құттықтаймыз!

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 2 сәуір
"Жігіт сұлтаны - 2026" байқауынан жүлделі орын иеленді

Қарағанды облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылғы 19 мамырда колледж студенттерінің арасында өткен облыстық "Жігіт сұлтаны - 2026" байқауында Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің "дене мәдениеті және спорт" мамандығының ДМ-24-1 тобының студенті Ерғанатұлы Бекнұр жүлделі 3-орын иеленді. Жеңімпазымыз бен жетекшісі А.К.Бекмағамбетті құттықтаймыз.

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 2 сәуір
КВН тұғырында

2026 жылғы 15 мамырда Қарағанды облысы білім басқармасының кубогы Жайдарман ойындарының орыс лигасында Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің студенттерінен құралған «Красти Крабс» КВН командасы жүлделі 3-орын иеленді. Сонымен қатар ПР-25-2 тобының студенті Махмудов Фаган «Мистер КВН» номинациясын иеленді. Команда құрамында ойын көрсеткен студенттерімізді мақтанышпен атап өтейік:ФК-25-2 тобының студенттері Королев Артем, Кузнецова Полина, Бельгибай Арыстанбек, Строкина Нина, Котова Алиса, Батишова Татьяна, ФК-25-4 тобының студенттері Ягудинова Диляра, Словестникова Арина, Ялымова Вилена, Рыксиев Темир, ПР-25-2 тобының студенті Махмудов Фаган. Жеңімпаздарымыз бен олардың жетекшісі, «Жігер» СП координаторы Жәмелова Д.А. құттықтаймыз!

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/