Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

Үздік шетел тілі мұғалімі

2025 жылдың 17 наурызында Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінде шет тілі кафедрасының педагогтері арасында "үздік шетел тілі оқытушысы" байқауы өтті. Байқаудың мақсаты - оқытушылардың кәсіби шеберлігін арттыру, сондай-ақ шетел тілін оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін көрсету.
Байқау үш кезеңде өтті:
* Бірінші кезең-сырттай (сабақтың бейне үзіндісі),
* Екінші кезең-TKT форматында тестілеу,
* Үшінші кезең - "Innovative approaches and methods for teaching English effectively in the modern classroom"тақырыбында ауызша сөйлеу.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1-орын-Рем В. В.
2-орын-Шоенбаева С. С.
3-орын-Құралбай А. Е.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға жоғары дайындық деңгейі мен кәсібилігі үшін алғыс айтамыз!

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2025 ж. 18 наурыз
Колледж оқытушылары - жеңіс тұғырында

2026 жылғы 29 қаңтарда өткен «Ғылыми ізденіс және шығармашылық тәжірибелер» атты республикалық воркшопта «Лингводидактика мен эмоционалды интеллект синтезі болашақ шет тілі мұғалімінің әлеуметтік қабылдауын өзгертудің инновациялық моделі ретінде» тақырыбында үздік шебер класс көрсеткені үшін Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің оқытушылары Кошкарбаева Мейзгуль Бердирахимовна мен Демченко Алла Викторовна жүлделі 1-орын иеленді. Құттықтаймыз!

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 18 наурыз
МЕМЛЕКЕТТІК ТАПСЫРЫС БОЙЫНША БОС ОРЫНДАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Колледжде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша, төменде көрсетілген мамандықта бес бос орын бар екенін хабарлаймыз:  01140200 «Дене тәрбиесі және спорт», біліктілігі 5АВ01140201 «Дене тәрбиесі қолданбалы бакалавры» мемлекеттік тілде, жалпы орта білім беру негізінде 2 курс білім алушылары үшін, оқуға қабылданған жылы 2024ж.;  01140600 «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», біліктілігі 4S01140601 «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мемлекеттік тілде, негізгі орта білім беру негізінде 3 курс білім алушылары үшін, оқуға қабылданған жылы 2023ж.;  01140600 «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», біліктілігі 4S01140602 «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» орыс тілінде, негізгі орта білім беру негізінде 1 курс білім алушылары үшін, оқуға қабылданған жылы 2025ж.;  09230100 «Әлеуметтік жұмыс», біліктілігі 4S09230102 «Әлеуметтік қызметкер» мемлекеттік тілде, негізгі орта білім беру негізінде 1 курс білім алушылары үшін, оқуға қабылданған жылы 2025ж. Хабарландыру 25.08.2026ж. дейін жарамды.

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 18 наурыз
Облыстық «Құқық білгірлері» іскерлік ойнында - І ОРЫН

2026 жылғы 6 ақпанда «Заң және тәртіп» құқықтық сауаттылық апталығы аясында Саран қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде құқықтық мәдениет пен құқықтық сананы арттыруға бағытталған облыстық «Құқық білгірлері» іскерлік ойыны өтті. Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің студенттері — Алина Чехунова, Саюри Ибраева және Софья Липчанская заңнама бойынша терең білімдерін, құқықтық жағдайларда дұрыс бағдар жасай алуын, тәжірибелік кейстерді талдап, негізделген шешімдер қабылдай білу қабілеттерін көрсетіп, І орынға ие болды. Жеңімпаздарды және олардың жетекшісі А.Д. Конакбаеваны жеңістерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта да биік жетістіктер тілейміз!

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 18 наурыз
Колледж волейболшылары - тағы да тұғырда

2026 жылғы 6 ақпан күні "Заң мен тәртіп" тұжырымдама аясында Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының колледж студенттері арасында өткізілген волейбол жарысынан Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің студенттерінен құралған волейбол командасы жүлделі 1-орын иеленді. Сонымен қатар «Үздік байланыстырушы» номинациясын ШТ-24-3 тобының студенті Умбетова Жанель иеленді. Жеңімпаз студенттеріміз бен олардың жетекшілері Сабыров Еркебай Майрамовичті құттықтаймыз!

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/