Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

Пәндік олимпиада өтті

2025 жылғы 11 ақпанда Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің шет тілдері кафедрасы ұйымдастырған пәндік апта шеңберінде 1-курс студенттері арасында шет тілдерінен пәндік олимпиада өтті. Іс-шара талантты студенттерді анықтауға және шет тілдерін үйренуге деген қызығушылықты арттыруға бағытталған.
Олимпиада екі санатта өтті: шет тілін тереңдетіп оқытатын бейінді топтар үшін (ШТ, ИН) және жалпы дайындық деңгейіндегі топтар үшін (Р, ҚӘ). Әр санат үшін студенттердің дайындық деңгейіне сәйкес тапсырмалар дайындалды. Іс-шараның жауапты оқытушысы Г. Е. Зейнетулла болды.
Олимпиада лексика-грамматикалық тесттен, тыңдаудан және оқудан тұрды. Тест грамматика, лексика және фразалық етістіктерді қамтитын 25 сұрақтан тұрды. Тыңдау диалогты тыңдаудан және 5 тапсырманы орындаудан тұрды. Оқу кезеңінде студенттер 150-250 сөзден тұратын мәтінмен жұмыс істеді және 10 сұраққа жауап берді.
Нәтижесі келесідей:
1-орын: Тілеген Досымжан (ШТ-24-3)
2-орын: Дюсекеев Әмірлан (ШТ-24-1)
3-орын: Бочарников Алексей (ИН-24-2)

1-орын: Джумабекова Аружан Р-24-2
2-орын: Ниязова Кира (Р-24-2)
3-орын: Бекмырза Регина (Қә-24-1)
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2025 ж. 18 ақпан
ҚР чемпионатынан жеткен тағы бір жағымды хабар

Щучинск қаласында орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік ұйымдарының студенттері арасында футболдан өтіп жатқан “Ұлттық спорттық лига” республикалық спартакиадасында Қарағанды “ Bolashaq” жоғарғы колледжінің футбол командасы 22 мамыр күні Түркістан облысының қарсылас командасын 8:2 есебімен жеңді. Студенттеріміздің жеңіс тұғырынан табылуын тілейміз!

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 18 ақпан
Халықаралық чемпионатта - 1-орын

13.05.2026ж.-22.05.2026ж. күндер аралығында Көкшетау қаласында өткен «Dosti Skills Kokshetau 2026» халықаралық чемпионатында «Автономды мобильді робототехника» құзыреттілігі бойынша Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің «Бағдарламалық қамтамасыз ету» (түрлері бойынша) мамандығының БҚҚ-23-1 тобының студенттері Жанбырбаев Алибек, Мұхамбет Ғани жүлделі 1-орын иеленді. Аталмыш құзыреттілік бойынша 5 елден 14 команда қатысқан бәсеке өте тартысты өтті. Жеңімпаздарымызға жетекшілік еткен, сонымен қатар байқауға сарапшы ретінде қатысқан директордың ақпараттандыру технологиясы жөніндегі орынбасары, информатика пәнінің оқытушысы А.Т.Тусупбаевты және жеңімпаздарымызды тамаша жетістіктерімен құттықтаймыз!

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 18 ақпан
"Жігіт сұлтаны - 2026" байқауынан жүлделі орын иеленді

Қарағанды облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылғы 19 мамырда колледж студенттерінің арасында өткен облыстық "Жігіт сұлтаны - 2026" байқауында Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің "дене мәдениеті және спорт" мамандығының ДМ-24-1 тобының студенті Ерғанатұлы Бекнұр жүлделі 3-орын иеленді. Жеңімпазымыз бен жетекшісі А.К.Бекмағамбетті құттықтаймыз.

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 18 ақпан
КВН тұғырында

2026 жылғы 15 мамырда Қарағанды облысы білім басқармасының кубогы Жайдарман ойындарының орыс лигасында Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің студенттерінен құралған «Красти Крабс» КВН командасы жүлделі 3-орын иеленді. Сонымен қатар ПР-25-2 тобының студенті Махмудов Фаган «Мистер КВН» номинациясын иеленді. Команда құрамында ойын көрсеткен студенттерімізді мақтанышпен атап өтейік:ФК-25-2 тобының студенттері Королев Артем, Кузнецова Полина, Бельгибай Арыстанбек, Строкина Нина, Котова Алиса, Батишова Татьяна, ФК-25-4 тобының студенттері Ягудинова Диляра, Словестникова Арина, Ялымова Вилена, Рыксиев Темир, ПР-25-2 тобының студенті Махмудов Фаган. Жеңімпаздарымыз бен олардың жетекшісі, «Жігер» СП координаторы Жәмелова Д.А. құттықтаймыз!

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/