Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

«Таза бөлме» байқауы

2025 жылғы 09 қаңтарда Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің «Жігер» студенттік парламентінің ұйымдастыруымен жатақхана студенттері арасында жатақхана ережесін, тазалық пен тәртіпті сақтауды дәріптеу мақсатында ер балалар мен қыздар арасында дәстүрлі «Ең таза және ұқыпты бөлме» байқауы өтті. Байқау нәтижесінде ер балалар бөлмелері арасында 1- орынға 214-бөлме студенті ШТ-23-3 тобының студенті Тайтолеу Нұрқанат, ие болса қыздар бөлмелері арасында 1-орынға 409-бөлме студенттері М-22-1 тобының студенті Эркинбек Әсел, М-23-1 тобының студенті Даниярқызы Айым, 2-орынға 401-бөлме студенті ФК-21-4 тобының студенті Романова Лиза, 3-орынға 408-бөлме студенті М-23-1 тобының студенті Қайратбек Нұрай, 3-орынға 314-бөлме студенттері ҚӘ-23-1 тобының студенті Асемжанқызы Аружан, БМ-23-3 тобының студенті Құсайын Сымбат, 3-орынға 213-бөлме студенттері РБ-24-2/11/ тобының студенті Бахат Шынар, ДМ-24-3 тобының студенті Сайлау Айтолқын. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2025 ж. 14 қаңтар
Біздің студенттер - Қазақстан Республикасы чемпионатында жүлдегерлер қатарында

Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжінің “Дене тәрбиесі және спорт” мамандығының үш студенті Қазақстан Республикасының дзюдодан өткен жастар спорт ойнында чемпион атанды. 2025 жылдың 10-12 сәуір аралығында Қостанай қаласында өткен дзюдодан Қазақстан Республикасының VI жастар спорт ойындарында облыс спортшыларының көрсеткіші бойынша Кайрат Аяулым(ДМ-21-3)- 52 кг III орын,Ерғали Томирис (ДМ-22-1)-78 кг I орын,Махатова Руслана(ФК-21-4)-+78 кг I орын. Жалпы командалық есепте Қарағанды облысы- I орынды иеленді. Облыс спортшыларының еншісінде: 6 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде. Студенттерімізді құттықтаймыз!

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 14 қаңтар
Апталықтың жабылуы

2025 жылғы 11 сәуір күні Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің акт залында экологиялық сауаттылық апталығының жабылу салтанаты өтті. Шарада апталық бойынша өткізілген шаралар қорытындыланды, ерекшеліктері мен кемшін тұстары аталып өтті. Апталыққа белсенді қатысқан студенттер марапатталды. Жабылу салтанатын ұйымдастырған "Жігер" СП-нің президенті Тикенова Анел мен экологиялық фракция белсенділері. Қамтылған студенттер саны - 75.

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 14 қаңтар
Терроризмге қарсы қорғаныс жолдары

ҚР «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-3 бабының талаптарына сәйкес, террористік тұрғыдан осал объектілердің объектілердің антитеррорлық қорғанысын қамтамасыз етуге арналған профилактикалық және оқу іс-шараларын ұйымдастыру бойынша шараларды жүзеге асыру мақсатында Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің ұжымында "Терроризмге қарсы қорғаныс: негізгі принциптер және қазіргі қауіптер" тақырыбында жаппай оқыту курс өтті. Оқытуды 2025 жылғы 10 сәуір күні Республикалық біліктілік орталығы өткізді.

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 14 қаңтар
Қаржылық қауіпсіздік

2025 жылғы 11 сәуірде Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде қаржы сауаттылығы бойынша Ұлттық олимпиада аясында Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің әзірлеген "Дроптар деген кімдер және қаржылық пирамидаға қалай алданбауға болады?" тақырыбында дәріс өтті. Дәрісті экономикалық пәндер оқытушысы Арипбек Ж.А. мен құқықтану пәндерінің оқытушысы Конакбаева А.Д. өткізді. Олар маңызды тақырыптарды талқылады: қаржылық алаяқтықтың құрбаны болмау, дроптар кім және көлеңкелі схемаларға қатысу қауіптері туралы ақпарат алды. Дәріс өте пайдалы болды! Мұндай ақпараттар қаржылық қауіпсіздік жүйесінің қалай жұмыс істейтінін және Заң мен тәртіпті сақтау неге соншалықты маңызды екенін жақсы түсінуге көмектеседі.

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/