2024 жылдың 26 желтоқсанында "Сарыарқа дарыны" балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен "Әрекет уақыты" атты облыстық құрылтайдың "Біз біргеміз!" өзін-өзі басқарудың шығармашылық таныстырылымы номинациясында Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің "Жігер" СП белсенділері жүлделі 2-орын иеленді. Жеңімпаздарымыз бен олардың жетекшісі, "Жігер" СП координаторы Қайыпова Жанар Сымбатқызын құттықтаймыз!
Облыстық құрылтайдан жүлделі оралды
