2024 жылғы 4 желтоқсанда Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде 9 желтоқсан –Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай парасаттылық, адалдық, әділдік туралы «Адалдық сағаты» өткізілді.
Адалдық сағаты
2024 жылғы 4 желтоқсанда Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде 9 желтоқсан –Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай парасаттылық, адалдық, әділдік туралы «Адалдық сағаты» өткізілді.
2026 жылғы 10 сәуірде Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің студенттері «Заң және тәртіп» идеологемасын ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, сондай-ақ жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Қарағанды облысының білім басқармасы облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп өткізген телекөпірге қатысты. Телекөпірде есірткіні жасырын тарату («закладка») қаупі, интернет-алаяқтық және дропперлік, жасөспірімдер арасындағы буллинг және кибербуллинг мәселелері тақырыптары қозғалды. Аталған жиынға жазасын өтеп жатқан, жасаған ісіне өкініш білдірген және жасөспірімдерге ой айта алатын сотталғандар спикер ретінде қатысып, өздерінің басынан өткен оқиғаларын, бас бостандығынан айырылу себептерін ортаға салды.
Толығырақ2026 жылғы 8 сәуірде Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің ИН-25-2, РБ-25-2/11 топтары К.С. Станиславский атындағы орыс драма театрына барып, режиссер Елдос Лекеновтің сахналауымен қойылған «Болмаған әңгіме» трагикомедиясын тамашалап қайтты. Родион Белецкийдің пьесасы бойынша қойылған трагикомедиядан студенттеріміз үлкен әсермен оралды.
Толығырақ2026 жылғы 1 сәуір күні Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжінде “ИТВ және ЖИТС ауруларының алдын алу” тақырыбында дәріс оқылды. Мақсаты - студенттердің ИТВ/ЖИТС туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру, аурудың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Дәрісті ҚОДСБ «Қарағанды облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресі жөніндегі орталығы» маманы Жанбай Бекзат Қайроллаұлы оқыды. Дәріс барысында маман студенттерге аурудың жұғу жолдары, алдын алу шаралары, қауіпсіз мінез-құлық дағдылары және жеке жауапкершілік туралы түсіндірілді. Сонымен қатар студенттерге сұрақтар қойылып, кері байланыс жүргізілді. Студенттермен сұрақ-жауап жүргізіліп, олардың білім деңгейі тексерілді, қажетті ақпаратты толық игеріп, маман кеңестерімен танысты. Қатысқан топтар: М-25-1, НО-25-2.
Толығырақ2026 жылғы наурыз айында Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінде "Денсаулығың - зор байлығың" акциясы өтті. Онда студенттерге жадынама қағаздары таратылды. Жадынамада күн тәртібі, дұрыс тамақтану, сколиоздың алдын алу, миопияның алдын алу, дене белсенділігі секілді денсаулыққа маңызды ақпараттар ұсынылған. Сенің денсаулығың - сенің байлығың, сенің ғана құндылығың. Денсаулығыңа жауапты қара!
Толығырақ