Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

Облыстық олимпиададан 1-орынмен оралды

Ағымдағы жылдың 28 қарашасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 1-2 курс студенттері арасындағы «Қазақстан тәуелсіздігі: еркіндік пен бірліктің символы» тақырыбындағы «Егемен Қазақстан тарихы» облыстық олимпиадасында Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің «Бастауыш білім беру мұғалімі» мамандығының НО-23-2 тобының студенті Керимова Сабина жүлделі 1-орын иеленді. Жеңімпазымыз бен оның жетекшісі Жанкуатова Айгерим Бекайдаровнаның жеңістерімен құттықтаймыз!

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2024 ж. 29 қараша
Кітап тұсаукесері өтті

2025 жылғы 7 сәуірде Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінде Қарағанды қаласына танымал жазушы және қоғам қайраткері Жан Мұхарапұлы Ақжановтың Жеңістің 80 жылдығына арналған "Соңғы сарбаздар" көркем кітабының тұсаукесері өтті. Тұсаукесерді колледждің әлеуметтік серіктесі "Атамекен" Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды. Тұсаукесер барысында автор өз кітабы, оның маңызы, қоғамдағы орны жайлы колледж студенттеріне ақпарат берді, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 29 қараша
"Қоғамдық қызмет ету" тақырыбында волонтерлік қызметке шолу жасалды

Ағымдағы жылдың 7 сәуірінде Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінде экологиялық сауаттылық апталығының аясында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының "Қамқор" жобасының презентациясы ретінде ""Қоғамдық қызмет ету" тақырыбында кураторлық сағат өтті. Кураторлық сағатта волонтерлік қызметтің мақсат-міндеттері, қоғамдағы маңызы, тұлғалардың азаматтық ұстанымдары, патриоттық сезімдері туралы әңгіме өрбіді. Шараны колледж оқытушысы Ахамбаева Жадыра Тлеуғабылқызы өткізді. Қамтылған студенттер саны - 35.

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 29 қараша
Дене мәдениеті апталығының жабылу салтанаты

2025 жылғы 4 сәуірде Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінде дене мәдениеті сауаттылығы апталығының жабылу салтанаты өтті. Онда апталық жоспарына сәйкес өткен барлық іс-шаралар қорытындыланып, жеңімпаздары марапатталды. Қамтылған студенттер саны - 130. Іс-шараны өткізуге жауаптылар - Мыктыбеков С.Д, Толеуова К.М, Матай Ж.М, Манат А.Е, Бұғыбай А.А..

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 29 қараша
Баскетболдан - 3-орын!

2025 жылғы 4 сәуір күні Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің студенттерінен құралған ұлдар командасы колледж студенттерінің арасында баскетболдан өткен "Ұлттық студенттік лига" облыстық жарыста жүлделі 3-орын иеленді. Команда мүшелері: Бейсен Алан(ТИБ-22-2), Жидебай Дарын (ФК-24-2), Жаналы Жомарт (ДМБ-22-1), Мухамедрахимов Ильяс (WEB-24-2), Дюсебеков Дархан (WEB-23-1), Жаппаров Жантөре (ДМБ-22-1), Киікбай Ералы (ТЖЭ-23-1), Бакил Даниял (ФК-23-2), Маков Азамат(ДМ-21-3), Қайыржанов Ғибрат (ТИБ-22-2) және жаттықтырушысы, колледж оқытушысы Буркитсетер Нуртилекті жеңістерімен құттықтаймыз!

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/