Ағымдағы жылдың 15 қарашасында Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде «Жұқпалы аурудың алдын алу жолының ең тиімдісі – екпе» тақырыбында дәріс өтті. Дәрісті №1 ствуденттік поликлиниканың врач-терапевті Лежкин Владислав Анотольевич оқыды. Онда екпенің маңызы жайлы, қандай әсері болатындығы жайлы ақпарат берілді. Дәріске 1-курс студенттері қатысты.