Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

Жұмыс берушілер күні аталып өтті

2024 жылғы 13 қараша күні Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде жұмыс берушілер күні аталып өтті. Шараға маман даярлауда колледжбен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайтын 39 әлеуметтік серіктес қатысты. Шара барысында әлеуметтік серіктестермен психологиялық тренинг, сауалнама, тәжірибеге қатысты сұрақ-жауап, жағдаяттық тапсырмалар орындалса, колледж студенттері музыкалық құттықтау бағдарламасын ұсынды. Шара соңында жұмыс берушілерге еліміздің еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар даярлаудағы ынтымақтастығы үшін колледж директорының алғыс хаты табысталды.
 

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2024 ж. 18 қараша
Фестивальге қатысып қайтты

Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің домбыра және вокал үйірмесінің көркемөнерпаздары 2025 жылғы 19 желтоқсанда Саран қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Кел, жастар, достық әнін шырқайық!» атты ұлттар мәдениетінің ХІҮ облыстық студенттер фестиваліне қатысып қайтты. Онда колледждің домбыра үйірмесінің мүшелері жетекшісі Омаров Қайрат Қайрбекұлының және вокал үйірмесінің мүшелері жетекшісі Макшонова Гүлдана Шаймұратқызының жетекшілігімен қазақ ұлтының ұлттық мәдениетін танытып, халық әндерінен попурри орындады.

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 18 қараша
Кәсіби шеберлік конкурсы

2025 жылғы 11 желтоқсанда Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде жалпы білім беретін пәндер оқытушылары арасында колледжішілік кәсіби шеберлік конкурсы өтті. Мақсаты - жалпы білім беретін пәндер оқытушысы мәртебесін арттыру, конкурсқа қатысушылардың педагогикалық тәжірибесін ұсыну және дәріптеу. Конкурс барысында қатысушылар теориялық және тәжірибелік дайындықтарын, кәсіби іскерліктері мен дағдыларын, оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық тәсілдерді қолдануын, жоғары еңбек мәдениетін және кәсіби-педагогикалық лексиканы меңгеру деңгейлерін көрсетті. Конкурс үш бағыт бойынша өткізілді: 1 модуль – Таныстыру «Мен және қоғам»; 2 модуль – «Әдістемелік жоба және өнімі»; 3 модуль – «Платформалармен жұмыс жасау». Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар: – информатика пәнінің оқытушысы Сабитова А.К.; – тарих пәнінің оқытушысы Жанкуатова А.Б.; – биология пәнінің оқытушысы Балабаева К.Ш. Жеңімпаз облыстық кезеңге жолдама алды. Конкурс шарасының ұйымдастырушылары - ЖББП кафедрасы.

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 18 қараша
“Таза бөлме” байқауы

Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің жатақханада тұратын студенттері арасында «Таза бөлме» байқауы өтті. Мақсаты - жатақхананың ішкі ережесін және тазалық сақтауға баулу. Ұлдар арасында: 1-орын - 312-бөлме Тайтөлеу Нұрқанат (ШТ-23-3); 2-орын - 517-бөлме Бекмырза Жансерік (ДМ-25-1); 3-орын - 513-бөлме Әділбай Бекарыс (АЖТ-25-1), Мұхамедья Мұхамедияр (АЖТ-25-1). Қыздар арасында: 1-орын - 314-бөлме Кусайын Сымбат (БМ-23-3); 2-орын -508-509-бөлме Сырлыбаева Балнұр (Е-25-1), Сырлыбаева Алия (ИНФБ-25-1/11), Рахимбекова Балнұр (ИНФ-25-1) Рахимбекова Асель (ИНФБ-24-1/11); 3-орын - 303-бөлме Байтена Ангелина (рб-25-2/11/). Жарайсыздар!

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 18 қараша
Кураторлық сағаттар өтті

2025 жылғы 10 желтоқсан күні ҚР-ның Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай "Мен еліммен мақтанамын!" тақырыбында бірыңғай кураторлық сағаттар өтті. Мақсаты - ел тарихына көз жүгірте отырып, патриоттық рухтары жоғары, елжанды студенттер тәрбиелеу.

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/