Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

«Дебют - 2024» байқауы өтті

    Ағымдағы жылдың 6 қарашасы күні Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің дәстүрлі «Дебют-2024» байқауы өтті. Шара мақсаты: бірінші курс студенттерін колледждің дәстүрлерімен, іс-шараларымен таныстыру, шығармашылық өмірге тарту; сондай-ақ, дарынды студенттерді анықтау және қолдау.
   Сайыс вокал, хореография, аспапта ойнау, мәнерлеп оқу номинациялары бойынша өткізілді. Нәтижесінде төмендегідей жеңімпаздар анықталды:


   Мәнерлеп оқу номинациясы:
1-орын – ҚӘ-24-1 тобының студенті Бекмырза Регина;
2-орын – ҚӘ-24-1 тобының студенті Ғабдолла Айым;
3-орын – НО-24-2 тобының студенті Джансаринова Карина мен БМ-24-1 тобының студенті Балгожина Назым.


Хореография номинациясы:
1-орын – Қ-24-1 тобының студенттері;
2-орын – БМ-24-1 тобының студенттері;
3-орын – ИН-24-2 тобының студенттері мен ҚӘ-24-1 тобының студенттерінен құралған бишілер тобы.


Аспапта ойнау номинациясы:
1-орын – ШТ-24-1 тобының студенті Дюсекеев Әмірлан;
2-орын – БҚҚ-24-1 тобының студенті Тілеуғабыл Нұрасыл;
3-орын – ИН-24-2 тобының студенті Ашанин Дмитрий.


Вокал номинациясы:
1-орын – ДМ-24-3 тобының студенті Сайпил Алишер;
2-орын – Р-24-2 тобының студенті Кофтун Дарья;
3-орын – ИН-24-2 тобының студенті Ашанин Дмитрий.


   Барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2024 ж. 8 қараша
Тағылымды кездесу

2025 жылғы 10 қазан күні Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінде "Жас қаламгер" жобасы мен "Кітап оқитын ұлт" жобасын жүзеге асыру бойынша әдебиетке құмар, жас қаламгер студенттермен кездесу өтті. Кездесуді Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Жас қаламгер" жобасының модераторы Асхат Қажытай жүргізді. Кездесу еркін форматта өткізілді. Онда студенттер өз оқыған кітаптарымен, сүйікті жазушыларымен, кітап оқудан алған әсерлерімен бөлісті. Асхат Қажытайұлы кітапты оқуға қызығушылықты арттыру жолдарымен, өзінің кітап оқудағы тәжірибелерімен бөлісті.

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 8 қараша
Құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары

2025 жылғы 10 қазан күні Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің студенттеріне "Наркомания және оның салдары" тақырыбында дәріс оқылды. Дәрісті студенттерге құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында құрылған жұмыс тобының мүшелері, колледждің құқықтану пәнінің оқытушылары Конакбаева А.Д., Омарова А.К., Сагимбекова А.Б. өткізді. Дәріске тартылған топтар: ДМ-25-1, ДМ-25-3, БҚҚ-25-1, Қ-25-1, НО-25-2, ВЕБ-25-2, РПО-24-2, ВЕБ-24-2, ТИБ-23-2, ДМБ-25-1, ДМБ-23-1, БМ-24-1, БМ-24-3, БМБ-24-1, МБ-24-1, М-24-1, ИНФБ-23-1, ДМЖ-23-1, ИНФБ-24-1, МБ-23-1.

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 8 қараша
Құрметті әріптестер!

Бүгін ұлық мереке — Ұстаздар күні. Бұл мереке - ел іргесін нығайтар ұрпақ тәрбиелейтін жандардың мерекесі, өз уақытын аямайтын, шәкірт бақытын аялайтын жайсаңдардың мерекесі. Осындай ерекше күнде барша ұстаздар қауымын мерекемен құттықтай отырып, күш-жігерлеріңіз, шыдамдылықтарыңыз және қиын болған кезде де бағыт-бағдар нұсқай білгендеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Ұстаздық оңай мамандық емес, бірақ сол жолдың қызығы мен қиындығын бірге көтеріп жүрген Сіздерге қажырлы қайрат, отбасыларыңызға береке, еңбектеріңізге жеміс тілейміз! Ізгі тілекпен, Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжі

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 8 қараша
Тағы да бір жеңіс

2025 жылғы 1 қазан күні "Сарыарқа дарыны" балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен күзгі әскерилендірілген кростан облыстық жарыста Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің студенттері Манарбек Алдияр (ДМЖ-24-1) жүлделі 2-орын иеленсе, Дарханқызы Ханшайым (ШТ-25-1) жүлделі 3-орынды жеңіп алды. Жетекшілері - АӘД пәнінің оқытушысы Бұғыбай Айдос Азаматұлы. Құттықтаймыз!

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/