Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

"Білім берудегі жасанды интеллект" дөңгелек үстелі өтті

2024 жылғы 22 қазанда Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінде ақпараттық сауаттылық апталығы аясында "Білім берудегі жасанды интеллект" тақырыбында дөңгелек үстел өтті, оған IT мамандықтарының студенттері қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: білім беруде жасанды интеллекті қолданудың өзекті мәселелерін талқылау.
Студенттер білім берудегі жасанды интеллектінің артықшылықтары мен кемшіліктерін, жасанды интеллект дамуының ықтимал перспективаларын талқылады. ChatGPT-пен онлайн-қарым-қатынас түріндегі интерактив байланыс жүргізілді. Бұл - аталмыш байланыстың мүмкіндіктерін білу мақсатында өткізілді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар білім беруде ИТ қолдану білім беру ортасы үшін жаңа перспективалар ашатынын атап өтті. Дегенмен, ИТ қолдану этикасы мен қауіпсіздігін есте ұстаған жөн екендігін де атап кетті.
Дөңгелек үстелдің модераторлары-Елибаева – Мұхтар А.М., Сырбаева Н.Б., Манашева М.С., студенттерді қамту-38 адам.

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2024 ж. 2 қараша
Түлегіміз ”WorldSkills Shanghai 2026” чемпионатына аттанды

Әлемдік кәсіби шеберліктің ең ірі додаларының бірі — “WorldSkills Shanghai 2026” чемпионатына санаулы күндер қалды. Осы айтулы халықаралық чемпионатта Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжінің «Шетел тілі» мамандығының 2026 жылғы түлегі Құралова Дильназ Қазақстан ұлттық құрамасының сапында ел намысын қорғайды! 🇰🇿✨ Дильназдың Қазақстан командасының құрамына енуі — оның кәсіби шеберлігіне, біліміне, табандылығы мен тынымсыз еңбегіне берілген жоғары баға. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған үздік жас мамандармен бірге ол “WorldSkills Shanghai 2026” халықаралық чемпионатында Қазақстанның көк туын көкке көтеріп, өз қабілетін әлемдік деңгейде танытпақ. Бұл — Дильназ үшін ғана емес, оның ата-анасы, жетекшісі - колледж оқытушысы Муканова Индира Ерлановна, ұстаздары, Қарағанды “Bolashaq” колледжі және барша Қазақстан үшін үлкен мәртебе! ❤️🇰🇿 Дильназ, саған сәттілік тілейміз! Білімің мен білігіңе, күшің мен талабыңа сенеміз! Әлемдік додада Қазақстанның намысын абыроймен қорға! Жеңіспен орал, Дильназ! Біз сені мақтан тұтамыз! 🇰🇿🏆 #WorldSkillsShanghai2026 #WorldSkillsKazakhstan

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 2 қараша
Заң жеке таңдаудан басталады: Қарағандыда өткен форум 15 мыңға жуық студентті біріктірді

Заң жеке таңдаудан басталады: Қарағандыда өткен форум 15 мыңға жуық студентті біріктірді Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің студенттері «Жастар - Заң мен тәртіптің тірегі» атты жастар форумына қатысты. Іс-шараға 15 мыңға жуық студент қатысты. Форум барысында нақты өмірлік оқиғаларға негізделген бейнероликтер көрсетілді. Нақты кейстер арқылы жастардың есірткі, дропперлік, интернет-алаяқтық және «жеңіл ақшаға» қызығу салдарынан құқыққа қайшы әрекеттерге қалай тартылуы мүмкін екені және мұндай шешімдердің құқықтық әрі өмірлік салдары көрсетілді. Бұл - жай ғана оқиғалар емес. Бұл - шешім қабылданғанға дейін оның салдарын түсінуге мүмкіндік беретін нақты мысалдар. Заң жеке таңдаудан басталады. Ал жауапкершілік - өз әрекетіңнің салдарын түсінуден басталады.

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 2 қараша
Республикаға жолдама - студентіміздің қолында

2026 жылғы 17 қыркүйекте Теміртау кәсіптік-техникалық колледжінде республикалық “Worldskills” чемпионатының «Отель ресепшионист» құзыреттілігі бойынша іріктеу кезеңі өтті. Іріктеу нәтижесінде колледжіміздің “Шетел тілі мұғалімі” мамандығының ШТ-23-3 тобының студенті Кабдылкаримова Раянна жоғары нәтиже көрсетіп, республикалық кезеңге жолдама алды. Раяннаға сәттілік тілейміз!

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 2 қараша
Ынтымақтастық туралы меморандум

КММ «Қиын өмірлік жағдайдағы адамдарды әлеуметтендіру орталығы» мен Қарағанды «Bolashaq»жоғарғы колледжі арасында екіжақты Ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Меморандумның мақсаты — білім беру саласындағы әріптестікті нығайту, студенттердің кәсіби дамуына жағдай жасау және бірлескен жобаларды жүзеге асыру. Ынтымақтастық аясында: ✍Колледж студенттеріне өндірістік тәжірибе ұйымдастыру; ✍Тәжірибеден өту және жұмысқа орналасуға мүмкіндік беру; ✍Өзара тиімді жобаларды жүзеге асыру жоспарланды. Бұл серіктестік — жастардың болашағына салынған нақты қадам!

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/