2024 жылғы 16 қазан күні Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде «ТӨТЕНШЕ ОҚИҒА ЖӘНЕ ТӨТЕНШЕ ОҚИҒА ЖАҒДАЙЛАРЫНА ДЕН ҚОЮ АЛГОРИТМІ» тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинарда «Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығымен таныстырылды.