Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

Ұлттық ойындар турнирі өтті

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» жобасын жүзеге асыру аясында Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде 2024 жылдың 9-10 қазан күндерінде «Ұлттық ойындар» турнирі өтті. Колледждің «Жігер» студенттік парламентінің спорт және салауатты өмір салты фракциясының депутаты, ФК-23-2 тобының студенті Бандоренко Милана колледждің дене шынықтыру пәнінің оқытушылары Әкім Айбек Әкімжанұлы мен Сүлеймен Айдарбек Елубайұлының жетекшілігімен ұйымдастырды. Турнирге колледждің 1-2 курс студенттері қатыстырылды. Студенттер арасында ұлттық спорттық ойындарды насихаттау мақсатындағы турнир барысында студенттер тоғызқұмалақ, аударыспақ, арқан тартыс, асық ату, қол күрес секілді ұлттық ойындардан күш сынасты. Ойынға қатысушылар ұлттық ойынға деген қызығушылықтарын көрсетіп, турнир өте тартысты өтті. Нәтижесінде әр ойын түрлерінің жеңімпаздары марапатталды.


Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2024 ж. 1 қараша
Тағылымды кездесу

2025 жылғы 10 қазан күні Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінде "Жас қаламгер" жобасы мен "Кітап оқитын ұлт" жобасын жүзеге асыру бойынша әдебиетке құмар, жас қаламгер студенттермен кездесу өтті. Кездесуді Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Жас қаламгер" жобасының модераторы Асхат Қажытай жүргізді. Кездесу еркін форматта өткізілді. Онда студенттер өз оқыған кітаптарымен, сүйікті жазушыларымен, кітап оқудан алған әсерлерімен бөлісті. Асхат Қажытайұлы кітапты оқуға қызығушылықты арттыру жолдарымен, өзінің кітап оқудағы тәжірибелерімен бөлісті.

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 1 қараша
Құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары

2025 жылғы 10 қазан күні Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің студенттеріне "Наркомания және оның салдары" тақырыбында дәріс оқылды. Дәрісті студенттерге құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында құрылған жұмыс тобының мүшелері, колледждің құқықтану пәнінің оқытушылары Конакбаева А.Д., Омарова А.К., Сагимбекова А.Б. өткізді. Дәріске тартылған топтар: ДМ-25-1, ДМ-25-3, БҚҚ-25-1, Қ-25-1, НО-25-2, ВЕБ-25-2, РПО-24-2, ВЕБ-24-2, ТИБ-23-2, ДМБ-25-1, ДМБ-23-1, БМ-24-1, БМ-24-3, БМБ-24-1, МБ-24-1, М-24-1, ИНФБ-23-1, ДМЖ-23-1, ИНФБ-24-1, МБ-23-1.

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 1 қараша
Құрметті әріптестер!

Бүгін ұлық мереке — Ұстаздар күні. Бұл мереке - ел іргесін нығайтар ұрпақ тәрбиелейтін жандардың мерекесі, өз уақытын аямайтын, шәкірт бақытын аялайтын жайсаңдардың мерекесі. Осындай ерекше күнде барша ұстаздар қауымын мерекемен құттықтай отырып, күш-жігерлеріңіз, шыдамдылықтарыңыз және қиын болған кезде де бағыт-бағдар нұсқай білгендеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Ұстаздық оңай мамандық емес, бірақ сол жолдың қызығы мен қиындығын бірге көтеріп жүрген Сіздерге қажырлы қайрат, отбасыларыңызға береке, еңбектеріңізге жеміс тілейміз! Ізгі тілекпен, Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжі

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 1 қараша
Тағы да бір жеңіс

2025 жылғы 1 қазан күні "Сарыарқа дарыны" балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен күзгі әскерилендірілген кростан облыстық жарыста Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің студенттері Манарбек Алдияр (ДМЖ-24-1) жүлделі 2-орын иеленсе, Дарханқызы Ханшайым (ШТ-25-1) жүлделі 3-орынды жеңіп алды. Жетекшілері - АӘД пәнінің оқытушысы Бұғыбай Айдос Азаматұлы. Құттықтаймыз!

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/