Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

Қос бірдей 1-орын

     2024 жылғы 8-11 қазан күндері аралығында «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастырумен колледж студенттерінің арасында өткен шағын футболдан облыстық спартакиадада Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің ұлдар және қыздар командасы жүлделі 1-орын иеленді.
1-орын иеленген қыздар командасының мүшелері:
    Сапрыкина Анастасия (ФК-21-2), Сапрыкина Мария (ФК-21-2), Шаповалова Олеся (ФК-22-4), Карабекова Дарина (ФК-23-2), Бейсембаева Малика (ДМЖ-24-1), Бариева Милена (WEB-23-2), Құдайберген Анель (ФК-21-2), Әли Жұлдыз-ай (ДМ-22-1).
1-орын иеленген ұлдар командасының мүшелері:
Маясаров Бекзат (ДМ-21-3), Буркитбаев Ерасыл (ДМ-21-1), Қуаныш Дінмұхаммед (ӘЖ-21-1), Туманов Степан (WEB-24-2), Бериков Эльдар (ФК-22-2), Рахимбеков Мухамед (WEB -24-2), Романюк Сергей (ФКТ-24-2), Рахатжан Нуршахар (ДМ-24-3), Нефедров Никита (ФК-24-2), Абишев Ильнур (ФК-21-2).
    Жеңімпаз студенттерімізді және олардың жетекшілері Музапаров Рустем Ерболович пен Асхатов Асылжан Асхатұлын жемісті жеңістерімен құттықтаймыз!


Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2024 ж. 1 қараша
Мерейтой иесін құттықтау

2026 жылғы 1 маусымда Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің ұжымы педагогика, психология және жеке пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, педагог-зерттеуші Абильдина Бекзат Қуатқызының 50 жас мерейтойын атап өтіп, құрмет көрсетті. Мерейтой – өз еңбегімен, кәсіби шеберлігімен және таңдаған ісіне деген адалдығымен әріптестері мен студенттерінің құрметіне ие болған жанға шынайы алғыс пен ізгі тілектерді білдіретін ерекше мереке. Бекзат Қуатқызы – дарынды педагог, білікті басшы, жастарға бағыт-бағдар беретін тәлімгер ретінде колледждің дамуына және болашақ мамандарды даярлауға елеулі үлес қосып келеді. Оның жауапкершілігі жоғары еңбекқорлығы, үнемі ізденіске ұмтылысы және айналасындағы жандарды жігерлендіре білу қасиетінің арқасында кафедра білім беру саласындағы бастамаларды табысты жүзеге асырып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. Әріптестері Бекзат Қуатқызын кәсіби құзыреттілігі, адамгершілігі, жанашырлығы және ұжымда ынтымақтастық пен өзара түсіністік ахуалын қалыптастыра білетін қасиеттері үшін ерекше құрметтейді. Осы айтулы күні Бекзат Қуатқызына зор денсаулық, мол бақыт, отбасы амандығын, жан тыныштығы мен сарқылмас күш-қуат тілейміз. Алдағы уақытта жаңа белестер мен толағай табыстарға жетіп, қызықты жобалар мен жарқын жетістіктерге жолыңыз ашық болсын. Әр күніңіз жақындарыңыздың сүйіспеншілігіне, құрметі мен қамқорлығына толы болсын! Мерейтойыңыз құтты болсын!

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 1 қараша
Бейнеролик байқауынан жүлдегерлер атанды

2026 жылғы 6-7 мамыр аралығында өткен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткен облыстық "Ұлы Жеңіс - ұрпаққа аманат" бейнероликтер байқауында Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің студенттері жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, "Бейне ашық хат" номинациясында ДМ-24-1 тобының студенті Ерғанатұлы Бекнұр (жетекшісі Жәмелова Д.А.) жүлделі 1-орын, "Әскери-патриоттық әндерді орындау" номинациясында БМ-24-1 және БМ-24-3 топтарының студенттері Айтмағанбет Назерке, Сермагамбетова Айжан, Мағауия Ақбота (жетекшісі Насырова А.К.) жүлделі 1-орын иеленді. Құттықтаймыз!

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 1 қараша
Оқытушымыз 1-орын иеленді

2026 жылғы 28 мамыр күні өткен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында спорт саласы бойынша аймақтық кәсіби шеберлік байқауында Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Шенфельд Анастасия Владимировна жүлделі 1-орын иеленді. Құтты болсын!

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 1 қараша
Эссе байқауының жеңімпаздары анықталды

2026 жылдың 21–22 мамыры аралығында Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің студенттері арасында 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Саяси қуғын-сүргін құрбандары: әділет іздеген тағдырлар» атты колледжішілік эссе байқауы өтті. Нәтижесінде қазақ топтары бойынша: 1-орын: Бағдатқызы Нұрсұлу (ҚӘ-23-1) 2-орын: Қадырова Ұлпан (ҚӘБ-24-1/11) 3-орын: Құмарбек Жанайым (ШТ-25-1) 3-орын: Оразалы Айзере (Қ-25-1) Орыс топтары бойынша: 2-место: Колибанская Ангелина (ФКТ-25-2) 3-место: Аблаева Дильназ (Р-25-2). Жеңімпаздар 28 мамыр күні «Астана-Алжир» экскурсиясына жолдама ұтып алғанын хабарлаймыз. Құтты болсын!

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/