2024 жылғы 22 қыркүйек күні Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің «Сырласым» қыздар клубының жетекшісі, психолог-педагог Сердалы А.М. және колледж инспекторы Абишева П.С ұйымдастыруымен «Қыз бала – отбасының шырайы» қыздар жиналысы өтті. Күн тәртібіндегі бірнеше мәселелер қозғалды, соның ішінде ерте жүктілік, колледжішілік ережелерге бағынуы, жасөспірімдердің тұтынуға болмайтын (электронды темекі, ішімдік және т.б ) заттарды пайдалануға қатаң түрде тыйым салынатындығы, қыздар арасындағы бір-біріне қысым көрсету жайлы ақпарат берілді. Кәмелеттік жасқа толмаған қыз балалардың ерте жүктілікті болдырмау үшін өзін - өзі қорғай білуі де талқыланды. Жиналысқа 1-курс студенттерінің қыз балалары қатысты.