2026 жылғы 30 сәуірде Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» тақырыбында Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті. Кездесу қонақтары: Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің запастағы контр-адмиралы — Абикеев Кенжеберген Қабышұлы, “Қарағанды облысының Ауған соғысы ардагерлері және мүгедектерінің одағы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы, полковник Тоқабеков Серғали Жұмағұлұлы, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғабит Шораұлы Тұяқов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Адамова Жұмабике Шазарқызы. Кездесуіміздің мақсаты – 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында ұрпаққа үлгі болар ерлердің ерлігін, игі істерін үлгі ету. Шарада қонақтарымыз өздерінің өмірлік тәжірибелерімен, Ауған соғысы кезінде бастарынан өткен оқиғаларымен бөлісті. Студенттер сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар алды. Шара соңында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы колледж директоры Г.Б.Мамраеваға ұрпақ тәрбиелеудегі ынтымақтастық үшін Алғыс хат табыстады.
Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран