2026 жылғы 5 мамыр күні колледж ғимаратының алдында қайырымдылық жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда. Шара ШТ-23-3 тобының студенттерінің ұсынысымен ұйымдастырылуда. Жәрмеңкеде Сіз өз тобыңызбен бірігіп қолыңыздан жасалған туындыларыңызды( тағам, қолөнер, бұйым, т.б.) сату арқылы қаржы жинап, жиналған қаржыны тәуелсіз комиссияға тапсырасыз. Осылай қайырымдылыққа үлес қосасыз. Немесе колледждің басқа да студенттерінің ұсынған бұйымдарын сатып алсаңыз да бұл игі істен қалыс қалмайсыз. Түскен қаржы толықтай Арсланның еміне жұмсалатын болады. Барлығы ашық түрде жүргізіледі. Игі істі барынша қадағалауларыңызды сұраймыз.
Кішкентай жақсылықтың өзі үлкен үміт сыйлайтынын ұмытпайық! Қайырымдылық ісінен сырт қалмайды деген ойдамын. Жақсылық жасар жарысайық!