"Студенттік лига" аясында Қарағанды қаласы жоғары оқу орындары мен колледждердің ерлер мен әйелдер командалары арасындағы волейбол лигасы қорытындыланды. Лига 2025 жылғы қазан айынан бастау алған болатын. Осы уақыт аралығында қаламыздағы жоғары оқу орындары мен колледждер өзара бақ сынасты. Аталмыш лигада Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің ұлдар командасы да, қыздар командасы да жүлделі 3-орын иеленді. Жеңімпаз ұлдарымыз бен қыздарымызды және олардың жетекшісі Сабыров Еркебай Майрамұлын құттықтаймыз!
Волейболдан жүлделі орын