2026 жылғы 23 сәуірде "Кітап оқитын ұлт - 2026" жобасының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау шарасы өтті. Жобаның әр санаттағы жеңімпаздарын облыс әкімі марапаттап, тиесілі мадақтамалары мен қаржылай сыйлықтарын табыстады. Марапатталушылардың ішінде біздің колледж студенттері де бар. Колледждің "Бастауыш білім беру мұғалімі" мамандығының БМ-24-1 тобының студенттері Акмаганбетова Айдана мен Балгожина Назым(жетекшісі Кабылова М.Б.) "Кітап оқитын колледж" санаты бойынша жүлделі 2-орын иеленді. Жеңімпаздарымыз 600.000 теңге көлемінде қаржылай сыйлыққа ие болды. Сонымен қатар аталмыш байқауға қатысуда белсенділік танытып, жоғары көрсеткіш көрсетіп, үздік ондықтан көрінгені үшін колледж директоры Мамраева Ғайни Баймағамбетқызына облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды. Құттықтаймыз!
Облыс әкімі марапаттады