Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

Құттықтаймыз!

Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің 2003 жылғы «Қаржы» мамандығының түлегі, PhD докторы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Байбосынов Серикжан Берикбаевичті Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы – «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталуымен шын жүректен құттықтаймыз!

 

Бұл мәртебелі марапат – Серикжан Берикбаевичтің ел игілігі жолындағы қажырлы еңбегінің, жоғары кәсіби біліктілігінің, азаматтық жауапкершілігі мен қоғамның дамуына қосқан елеулі үлесінің лайықты бағасы. Колледжіміздің түлегі ретінде биік белестерді бағындырып, кейінгі буынға өнеге болып жүргенін мақтан тұтамыз.

 

Серикжан Берикбаевичке мықты денсаулық, отбасына амандық, қызметіне толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз! Мәртебеңіз биіктеп, абыройыңыз арта берсін!

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2026 ж. 30 қазан
Құттықтаймыз!

Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің 2003 жылғы «Қаржы» мамандығының түлегі, PhD докторы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Байбосынов Серикжан Берикбаевичті Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы – «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталуымен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл мәртебелі марапат – Серикжан Берикбаевичтің ел игілігі жолындағы қажырлы еңбегінің, жоғары кәсіби біліктілігінің, азаматтық жауапкершілігі мен қоғамның дамуына қосқан елеулі үлесінің лайықты бағасы. Колледжіміздің түлегі ретінде биік белестерді бағындырып, кейінгі буынға өнеге болып жүргенін мақтан тұтамыз. Серикжан Берикбаевичке мықты денсаулық, отбасына амандық, қызметіне толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз! Мәртебеңіз биіктеп, абыройыңыз арта берсін!

Толығырақ
Жаңалық
2026 ж. 30 қазан
Студентіміз «ADAL URPAQ» облыстық байқауының жеңімпазы атанды

Қарағанды облысы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жеке бастамаларды әзірлеуге арналған «ADAL URPAQ» жастар жобаларының облыстық байқауында Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің ДМ-24-1 тобының студенті Ерғанатұлы Бекнұр жүлделі I орынға ие болды! 🎉 👏 Жетекшісі: «Жігер» студенттік парламентінің координаторы Ахмади Мөлдір Ерболқызы. Жеңімпазымызды құттықтаймыз! Алдағы уақытта толағай табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз! #AdalUrpaq #Bolashaq #SaryarqaJastary #ЖастарЖастарға #СыбайласЖемқорлыққаҚарсы

Толығырақ
Жаңалық
2026 ж. 30 қазан
ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСТА – ЖҮЛДЕЛІ ІІ ОРЫН!

Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің ИН-23-2 тобының студенттерінен құралған «Англосаксы» командасы «Все обо всем» интеллектуалды квизінде жүлделі ІІ орынға ие болды! Команда құрамы: Месяц Марк (капитан), Гергилижиник Елизавета, Аманжол Елжас, Бикешева Алина, Мацевич Милана, Лаутермлих Елизавета, Супрунов Алексей, Ашанин Дмитрий. Команда жетекшісі:Қошқарбаева Мейзгүл Бердирахимовна, ағылшын тілі пәнінің оқытушысы. Студенттерімізді жеңістерімен құттықтаймыз! Білім додаларында биіктерден көрініп, жаңа жетістіктерге жете беріңіздер! #Bolashaq #Англосаксы #ЗияткерлікСайыс #ЖүлделіОрын

Толығырақ
Жаңалық
2026 ж. 30 қазан
МЕМЛЕКЕТТІК ТАПСЫРЫС БОЙЫНША БОС ОРЫНДАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Колледжде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша, төменде көрсетілген мамандықта бір бос орын бар екенін хабарлаймыз 01140200 «Дене тәрбиесі және спорт», біліктілігі 5АВ01140201 «Дене тәрбиесі қолданбалы бакалавры» мемлекеттік тілде, жалпы орта білім беру негізінде 2 курс білім алушылары үшін, оқуға қабылданған жылы 2025ж.. Хабарландыру 31.08.2027ж. дейін жарамды.

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/