Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің 2003 жылғы «Қаржы» мамандығының түлегі, PhD докторы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Байбосынов Серикжан Берикбаевичті Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы – «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталуымен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мәртебелі марапат – Серикжан Берикбаевичтің ел игілігі жолындағы қажырлы еңбегінің, жоғары кәсіби біліктілігінің, азаматтық жауапкершілігі мен қоғамның дамуына қосқан елеулі үлесінің лайықты бағасы. Колледжіміздің түлегі ретінде биік белестерді бағындырып, кейінгі буынға өнеге болып жүргенін мақтан тұтамыз.
Серикжан Берикбаевичке мықты денсаулық, отбасына амандық, қызметіне толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз! Мәртебеңіз биіктеп, абыройыңыз арта берсін!