Колледждің 2025-2026 оқу жылы жұмысының қорытындысы туралы педагогикалық кеңес өтті
2026 жылдың 30 маусымында Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде оқу жылының қорытындысы шығарылған педагогикалық кеңес өтті. Кеңесті колледж директоры Мамраева Г.Б. ашты.
Директордың орынбасарлары Ишанкулова Р.М., Капанова И.Х., Касымова Н.К., Кабылова М.Б., Тусупбаев А.Т. әртүрлі бағытта атқарылған жұмыстарға сараптама жасады. Оқу-өндірістік, ғылыми-әдістемелік, тәрбие жұмыстары, ақпараттандыру саласындағы жетістіктер мен проблемалар атап өтілді және жаңа оқу жылына арналған негізгі міндеттер тұжырымдалды.
Сондай-ақ, жыл сайынғы дәстүр бойынша педкеңес соңында оқытушылар рейтингісінің 2025-2026 жылғы қорытындысы жарияланды. Рейтингте ең көп ұпай жинаған Капанова И.Х., Кабылова М.Б., Тусупбаев А.Т., Ишанкулова Р.М. жеңімпаздар атанып, ақшалай сыйақы табысталды. Педагогикалық кеңес қорытындысы бойынша 2025-2026 оқу жылының жұмысы қанағаттанарлық деп тану туралы шешім қабылданды.
Колледж ұжымын оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтаймыз! Алдағы демалыстарыңызға сәттілік, дендеріңізге саулық тілейміз!
Толығырақ