2026 жылғы 5 мамырда Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжі студенттері мен Әкелері арасында 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай және "Әкелер мектебі" жобасын жүзеге асыру мақсатында “Әкеден биік бар ма адам” атты спартакиада өтті. Спартакиада студенттер мен әкелер арасында көңілді старт ойыны мен волейбол ойыны өтті. Ойын өте тартысты әрі үлкен қызығушылықта өтті. Шара соңынан әкелер өкілдері осындай спорттық шаралардың жалғасын табуын ұсынды. Шараны колледж оқытушысы Иманбеков Қайрат Берікболұлы ұйымдастырды. Ойынға қатысқан барлық ата-аналарға колледж әкімшілігі атынан алғыс білдіреміз.
Ата-ана мен колледж ынтымақтастығы