2026 жылғы 29-30 сәуір күндері аралығында Астана қаласында цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында өткен
«AI–ПЕДАГОГ 2026: Білім беруде жасанды интеллектті интеграциялау»
«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПУЛЬС: ЖАС ПЕДАГОГ ДАУЫСЫ» II Республикалық форумында Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, жас маман Бекмағанбет Ақнұр Қанатқызы «Жасанды интеллект шеберханасы: Бір хикая-бір мультфильм» тақырыбында шеберлік сағатын өткізіп, өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Нәтижесінде Ақнұр Қанатқызы «Үздік спикер» атағын алып, «Ұстаздық жолдағы адалдығы мен жас ұрпақ тәрбиесіне қосқан еңбегі үшін» Мағжан Жұмабаев медалімен марапатталды. Құттықтаймыз!
Колледж жас маманы "Үздік спикер" атанды