Return to news and events
Новость

Ғылыми жобадан жүлдегер атанды

2026 жылғы 22 сәуірде Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжінің ұйымдастыруымен өткен Республикалық "Ғылым әлемін аша отыра - VII" атты оқу - зерттеу жобаларының байқауында Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің "Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі" мамандығының ҚӘ-22-1 тобының студенті Тикенова Анел жүлделі 2-орын иеленді. Байқауда Анел" Әдебиет сабағында көркем шығармаларды оқытуда жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін қолдану жолдары" тақырыбында ғылыми жобасын ұсынды. Жеңімпазымыз Анел мен оның жетекшісі Кабылова Меруерт Блялкызын құттықтаймыз!

Other news and events on the topic

Новость
May 13, 2026
Колледж жас маманы "Үздік спикер" атанды

2026 жылғы 29-30 сәуір күндері аралығында Астана қаласында цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында өткен «AI–ПЕДАГОГ 2026: Білім беруде жасанды интеллектті интеграциялау» «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПУЛЬС: ЖАС ПЕДАГОГ ДАУЫСЫ» II Республикалық форумында Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, жас маман Бекмағанбет Ақнұр Қанатқызы «Жасанды интеллект шеберханасы: Бір хикая-бір мультфильм» тақырыбында шеберлік сағатын өткізіп, өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Нәтижесінде Ақнұр Қанатқызы «Үздік спикер» атағын алып, «Ұстаздық жолдағы адалдығы мен жас ұрпақ тәрбиесіне қосқан еңбегі үшін» Мағжан Жұмабаев медалімен марапатталды. Құттықтаймыз!

More details
Новость
May 13, 2026
Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

2026 жылғы 30 сәуірде Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» тақырыбында Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті. Кездесу қонақтары: Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің запастағы контр-адмиралы — Абикеев Кенжеберген Қабышұлы, “Қарағанды облысының Ауған соғысы ардагерлері және мүгедектерінің одағы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы, полковник Тоқабеков Серғали Жұмағұлұлы, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғабит Шораұлы Тұяқов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Адамова Жұмабике Шазарқызы. Кездесуіміздің мақсаты – 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында ұрпаққа үлгі болар ерлердің ерлігін, игі істерін үлгі ету. Шарада қонақтарымыз өздерінің өмірлік тәжірибелерімен, Ауған соғысы кезінде бастарынан өткен оқиғаларымен бөлісті. Студенттер сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар алды. Шара соңында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы колледж директоры Г.Б.Мамраеваға ұрпақ тәрбиелеудегі ынтымақтастық үшін Алғыс хат табыстады.

More details
Новость
May 13, 2026
Құрметті студенттер, оқытушылар, ата-аналар!

2026 жылғы 5 мамыр күні колледж ғимаратының алдында қайырымдылық жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда. Шара ШТ-23-3 тобының студенттерінің ұсынысымен ұйымдастырылуда. Жәрмеңкеде Сіз өз тобыңызбен бірігіп қолыңыздан жасалған туындыларыңызды( тағам, қолөнер, бұйым, т.б.) сату арқылы қаржы жинап, жиналған қаржыны тәуелсіз комиссияға тапсырасыз. Осылай қайырымдылыққа үлес қосасыз. Немесе колледждің басқа да студенттерінің ұсынған бұйымдарын сатып алсаңыз да бұл игі істен қалыс қалмайсыз. Түскен қаржы толықтай Арсланның еміне жұмсалатын болады. Барлығы ашық түрде жүргізіледі. Игі істі барынша қадағалауларыңызды сұраймыз. Кішкентай жақсылықтың өзі үлкен үміт сыйлайтынын ұмытпайық! Қайырымдылық ісінен сырт қалмайды деген ойдамын. Жақсылық жасар жарысайық!

More details
Новость
May 13, 2026
Ғылыми жобадан жүлдегер атанды

2026 жылғы 22 сәуірде Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжінің ұйымдастыруымен өткен Республикалық "Ғылым әлемін аша отыра - VII" атты оқу - зерттеу жобаларының байқауында Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің "Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі" мамандығының ҚӘ-22-1 тобының студенті Тикенова Анел жүлделі 2-орын иеленді. Байқауда Анел" Әдебиет сабағында көркем шығармаларды оқытуда жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін қолдану жолдары" тақырыбында ғылыми жобасын ұсынды. Жеңімпазымыз Анел мен оның жетекшісі Кабылова Меруерт Блялкызын құттықтаймыз!

More details

How to find us

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Показать адрес на карте
https://bolashaq.mycollege.kz/