Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

Бақ сынап қайтты

2026 жылғы 11.04. - 17.04. күндері аралығында Щучинск қаласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының І дивизион студенттері арасында баскетболдан өткен республикалық "Ұлттық студенттік лига" байқауына Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің қыздар командасы қатысып, жалпы есепте 5-орыннан табылды. Біздің команда Қарағанды облысы бойынша қыздар арасында жүлделі 1-орын иеленіп, республикаға жолдама ұтып алған болатын. Республиканың түкпір-түкпірінен жиналған командалардың тартысқа толы ойыны біздің қыздар үшін үлкен тәжірибе болды. Колледж командасының құрамын айта кетейік: Тилейхан Назым (БМ-24-3), Зибарева Милана (ФКТ-23-2/11), Бержаминская Мирланна (ФК-24-4), Лялькова Марина (ФКТ-25-2/11), Дюсекова Айсулу (БМ-24-1), Қинаят Іңкәр (ДМ-25-3), Серикова Сабина (БМ-24-3), Трубникова Татьяна (ФКТ-23-2/11). Жетекшілері - Буркитсетер Н., Қабыкен Ж.Д..

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2026 ж. 13 мамыр
Түлегіміз ”WorldSkills Shanghai 2026” чемпионатына аттанды

Әлемдік кәсіби шеберліктің ең ірі додаларының бірі — “WorldSkills Shanghai 2026” чемпионатына санаулы күндер қалды. Осы айтулы халықаралық чемпионатта Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжінің «Шетел тілі» мамандығының 2026 жылғы түлегі Құралова Дильназ Қазақстан ұлттық құрамасының сапында ел намысын қорғайды! 🇰🇿✨ Дильназдың Қазақстан командасының құрамына енуі — оның кәсіби шеберлігіне, біліміне, табандылығы мен тынымсыз еңбегіне берілген жоғары баға. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған үздік жас мамандармен бірге ол “WorldSkills Shanghai 2026” халықаралық чемпионатында Қазақстанның көк туын көкке көтеріп, өз қабілетін әлемдік деңгейде танытпақ. Бұл — Дильназ үшін ғана емес, оның ата-анасы, жетекшісі - колледж оқытушысы Муканова Индира Ерлановна, ұстаздары, Қарағанды “Bolashaq” колледжі және барша Қазақстан үшін үлкен мәртебе! ❤️🇰🇿 Дильназ, саған сәттілік тілейміз! Білімің мен білігіңе, күшің мен талабыңа сенеміз! Әлемдік додада Қазақстанның намысын абыроймен қорға! Жеңіспен орал, Дильназ! Біз сені мақтан тұтамыз! 🇰🇿🏆 #WorldSkillsShanghai2026 #WorldSkillsKazakhstan

Толығырақ
Жаңалық
2026 ж. 13 мамыр
Заң жеке таңдаудан басталады: Қарағандыда өткен форум 15 мыңға жуық студентті біріктірді

Заң жеке таңдаудан басталады: Қарағандыда өткен форум 15 мыңға жуық студентті біріктірді Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің студенттері «Жастар - Заң мен тәртіптің тірегі» атты жастар форумына қатысты. Іс-шараға 15 мыңға жуық студент қатысты. Форум барысында нақты өмірлік оқиғаларға негізделген бейнероликтер көрсетілді. Нақты кейстер арқылы жастардың есірткі, дропперлік, интернет-алаяқтық және «жеңіл ақшаға» қызығу салдарынан құқыққа қайшы әрекеттерге қалай тартылуы мүмкін екені және мұндай шешімдердің құқықтық әрі өмірлік салдары көрсетілді. Бұл - жай ғана оқиғалар емес. Бұл - шешім қабылданғанға дейін оның салдарын түсінуге мүмкіндік беретін нақты мысалдар. Заң жеке таңдаудан басталады. Ал жауапкершілік - өз әрекетіңнің салдарын түсінуден басталады.

Толығырақ
Жаңалық
2026 ж. 13 мамыр
Республикаға жолдама - студентіміздің қолында

2026 жылғы 17 қыркүйекте Теміртау кәсіптік-техникалық колледжінде республикалық “Worldskills” чемпионатының «Отель ресепшионист» құзыреттілігі бойынша іріктеу кезеңі өтті. Іріктеу нәтижесінде колледжіміздің “Шетел тілі мұғалімі” мамандығының ШТ-23-3 тобының студенті Кабдылкаримова Раянна жоғары нәтиже көрсетіп, республикалық кезеңге жолдама алды. Раяннаға сәттілік тілейміз!

Толығырақ
Жаңалық
2026 ж. 13 мамыр
Ынтымақтастық туралы меморандум

КММ «Қиын өмірлік жағдайдағы адамдарды әлеуметтендіру орталығы» мен Қарағанды «Bolashaq»жоғарғы колледжі арасында екіжақты Ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Меморандумның мақсаты — білім беру саласындағы әріптестікті нығайту, студенттердің кәсіби дамуына жағдай жасау және бірлескен жобаларды жүзеге асыру. Ынтымақтастық аясында: ✍Колледж студенттеріне өндірістік тәжірибе ұйымдастыру; ✍Тәжірибеден өту және жұмысқа орналасуға мүмкіндік беру; ✍Өзара тиімді жобаларды жүзеге асыру жоспарланды. Бұл серіктестік — жастардың болашағына салынған нақты қадам!

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/