Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

Деректі фильм көрсетіліп, талқыланды

2026 жылғы 15 сәуір күні Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінде студенттермен «Не книжные закладки» және «Хулиганка» деректі фильмдерін көрсетуді ұйымдастырылды. Шара Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының «Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету жөніндегі хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында, «Адал азамат» Бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында бекітілген кестеге сәйкес ұйымдастырылды. Шара мақсаты – есірткіге байланысты қылмыстардың, буллинг пен агрессияның салдарын түсіндіру, сондай-ақ жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершілігіне назар аударту. Фильмдерді көргеннен кейін топ кураторлары фильм мазмұнына сәйкес талқылау жүргізді.

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2026 ж. 21 сәуір
«WorldSkills Shanghai - 2026» іріктеу кезеңіне қатысып қайтты

2026 жылғы 10–12 сәуір аралығында Талдықорған жоғары политехникалық колледжі базасында халықаралық «WorldSkills Shanghai - 2026» чемпионатына қатысатын Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасы командасына іріктеу кезеңі өтті. Республикалық «WorldSkills Kazakhstan» байқауының «Мобильді қосымшаларды әзірлеу» құзыреттілігі бойынша 2025 жылғы жеңімпаздары қатысты. Соның ішінде Қарағанды облысы атынан Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің түлегі Бейсен Алан(жетекшілері Елибаева – Мухтар А.М., Манашева М.С.) барып, қатысып қайтты. Жетісу облысы білім басқармасы колледж басшысы Г.Б.Мамраеваға осындай ірі шараға қатысушыны қолдап, құзыреттіліктің дамуы үшін атқарып жатқан еңбегіне жеміс тілеп алғыс хат жолдады.

Толығырақ
Жаңалық
2026 ж. 21 сәуір
Деректі фильм көрсетіліп, талқыланды

2026 жылғы 15 сәуір күні Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінде студенттермен «Не книжные закладки» және «Хулиганка» деректі фильмдерін көрсетуді ұйымдастырылды. Шара Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының «Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету жөніндегі хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында, «Адал азамат» Бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында бекітілген кестеге сәйкес ұйымдастырылды. Шара мақсаты – есірткіге байланысты қылмыстардың, буллинг пен агрессияның салдарын түсіндіру, сондай-ақ жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершілігіне назар аударту. Фильмдерді көргеннен кейін топ кураторлары фильм мазмұнына сәйкес талқылау жүргізді.

Толығырақ
Жаңалық
2026 ж. 21 сәуір
Тәлімгерлік - кәсіби дамудың ресурсы

15 сәуір күні «Практикадан шеберлікке: тәжірибе, инновация, даму» атты әдістемелік онкүндік аясында Жас мамандар мектебінің жетекшісі Ахатова А.А. «Тәлімгерлік - кәсіби дамудың ресурсы» тақырыбында панельдік пікірталас өткізді. Іс-шараға тәлімгерлер мен жас мамандар қатысты. Қатысушылар тәлімгерлікке қатысты өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты және үздіксіз кәсіби дамудың маңыздылығын атап өтті. Кездесу барысында жас мамандарға педагогикалық жағдайларды шешуге және кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған практикалық тапсырмалар ұсынылды.

Толығырақ
Жаңалық
2026 ж. 21 сәуір
Құқық бұзушылықтың алдын алу

2026 жылғы 10 сәуірде ювеналды полиция инспекторы қызметкерлері полиция капитаны Сатанова М.С. және полиция аға лейтенанты Муханова А.Е. қатысуымен Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің студенттеріне профилактикалық дәріс өткізді. Дәрісте •жасөспірімдер арасындағы буллинг пен қорлау; ұсақ бұзақылық және ҚР ҚК-нің 108, 109-баптары бойынша жауапкершілік; білім беру ұйымына өткір, кескіш заттар мен газ баллондарын алып кіруге тыйым салу; самокаттар мен мопедтерді басқару ережелері, оларды басқаруға қатысты жас шектеулері, пайдалану кезінде қорғаныс құралдарын қолдану; кәмелетке толмағандардың жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілігі секілді тақырыптар қозғалды. Дәріске ШТ-25-3, ҚӘ-24-1, Р-25-2, ИН-25-2 топтары қатысты.

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/