15 сәуір күні «Практикадан шеберлікке: тәжірибе, инновация, даму» атты әдістемелік онкүндік аясында Жас мамандар мектебінің жетекшісі Ахатова А.А. «Тәлімгерлік - кәсіби дамудың ресурсы» тақырыбында панельдік пікірталас өткізді. Іс-шараға тәлімгерлер мен жас мамандар қатысты. Қатысушылар тәлімгерлікке қатысты өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты және үздіксіз кәсіби дамудың маңыздылығын атап өтті. Кездесу барысында жас мамандарға педагогикалық жағдайларды шешуге және кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған практикалық тапсырмалар ұсынылды.
Тәлімгерлік - кәсіби дамудың ресурсы