2026 жылғы 10 сәуірде облыстық “Smart sport & Adal azamat: денсаулық, ар-намыс пен технологиялар синергиясы” атты дене шынықтыру сауаттылығы апталығының жоспарына сәйкес «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша ТжКББ ұйымдарының студенттері арасында өткен «Мамандығының үздігі» облыстық байқауда Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжінің "Дене тәрбиесі және спорт" мамандығының студенттері Вадутов Александр (ФКТ-23-2/11), Лазарчук Маргарита (ФК-22-2), Өдесхан Әсет (ДМБ-23-1/1), Бейсембаева Малика (ДМЖ-24-1) қатысып, жүлделі 1-орын иеленді. Жеңімпаздарымыз бен олардың жетекшілері- дене тәрбиесі,алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәндері кафедрасының оқытушылары Матай Ж.М, Толеуова К.М, Шапкина А.А. сынды оқытушыларымызды құттықтаймыз!
Облыстық байқаудан - 1-орын