2026 жылғы 10 сәуірде Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің студенттері «Заң және тәртіп» идеологемасын ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, сондай-ақ жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Қарағанды облысының білім басқармасы облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп өткізген телекөпірге қатысты. Телекөпірде есірткіні жасырын тарату («закладка») қаупі, интернет-алаяқтық және дропперлік, жасөспірімдер арасындағы буллинг және кибербуллинг мәселелері тақырыптары қозғалды. Аталған жиынға жазасын өтеп жатқан, жасаған ісіне өкініш білдірген және жасөспірімдерге ой айта алатын сотталғандар спикер ретінде қатысып, өздерінің басынан өткен оқиғаларын, бас бостандығынан айырылу себептерін ортаға салды.
Телекөпір