31 наурыз – Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің туған күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес колледждің акт залында «Әнім саған, колледжім!» концерттік бағдарламасы өтті. Онда колледждің көркем өнерпаздары оқу орнының туған күніне арналған әсем әндері мен күйлерін, билері мен өлеңдерін тарту етті. Сондай-ақ шара барысында колледж тарихына шолу жасалып, оқу орнының атын республика деңгейінде танытқан жеңімпаздар аталып өтті. Сонымен қатар дәстүрлі «Үздік студент» байқауының жеңімпаздары анықталып, марапатталды. Олар:
«Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша «Мамандықтың үздік студенті» БМ-24-1 тобының студенті Акмаганбетова Айдана;
«Құқықтану» мамандығы бойынша «Мамандықтың үздік студенті» Қ-23-1 тобының студенті Ражапбаев Тахир;
«Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша «Мамандықтың үздік студенті» ӘЖ-23-1 тобының студенті Алдан Анар;
«Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігінің «Мамандықтың үздік студенті» Р-25-2-11 тобының студенті Кадыров Рахман;
«Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушы» мамандығы бойынша «Мамандықтың үздік студенті» БҚҚ-23-1 тобының студенті Жанбырбаев Алибек;
«Есеп және аудит» мамандығының «Мамандықтың үздік студенті» Е-23-1 тобының студенті Бисенбай Толганай;
«Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту» мамандығы бойынша «Мамандықтың үздік студенті» М-24-1 тобының студенті Жұмабек Әмина;
«Шетел тілі мұғалімі» біліктілігінің «Мамандықтың үздік студенті» ШТ-23-1 тобының студенті Айдарбекова Асель;
«Телекоммуникациялық жабдықтар мен байланыс арналарын электромонтаждаушы-реттеуші» мамандығы бойынша «Мамандықтың үздік студенті» ТЖЭ-24-1 тобының студенті Бердібекұлы Нұрмұхаммед;
«Информатика» мамандығы бойынша «Мамандықтың үздік студенті» ИНФБ-23-1 тобының студенті Кучанов Рустем;
«Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының «Дене тәрбиешісі жаттықтырушысы-мұғалімі» біліктілігі бойынша «Мамандықтың үздік студенті» ДМЖ-23-1 тобының студенті Дарханұлы Бибарыс;
«WEB-дизайнер» біліктілігі бойынша «Мамандықтың үздік студенті» WEB-24-2 тобының студенті Шахманова Анел;
«Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігінің «Мамандықтың үздік студенті» ҚӘ-24-1 тобының студенті Амангелді Аида;
Ал «Колледждің ең үздік студенті - 2026» атағын ФК-23-2 тобының студенті Кушнарева Алиса иеленді. Айта кетейік, үздік студент жеңімпаздарының есімдері колледждің Құрмет кітабына енгізіледі.
Сондай-ақ «Үздік топ-2026» байқауының да нәтижесі хабарланып, «Жылдың үздік тобы - 2026» атағын ШТ-23-3 тобы иеленді. Топ
кураторы — Мажитова Айдана Нурбековна.
Барша аталым иелерін құттықтаймыз!
«Әнім саған, колледжім!» мерекелік концерті