2026 жылғы 31 наурызда қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Серік Ақсұңқарұлының шығармашылығына арналған дәстүрлі облыстық оқуларында Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің студенттері жүлделі оралды. Олар: "Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі" біліктілігінің ҚӘ-22-1 тобының студенті Төкенова Сабина (жетекшісі Жолкенова Г.Ж.) "Поэзия! Ақынның алтын тағы!" бағыты бойынша жүлделі 1-орын иеленсе, осы біліктіліктің ҚӘ-23-1 тобының студенті Мәжит Бекжан (жетекшісі Макетова А.Р.) "Қайдасың, қасиетті қара өлеңім..." бағыты бойынша жүлделі 3-орын иеленді. Құттықтаймыз!
Серік Ақсұңқарұлы оқуынан жүлделі оралды