Мерекелік іс-шара
Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Бұл күні колледждің ер азаматтары әріптес әйелдер қауына арнап жылы да әсерлі бағдарлама дайындады. Әйелдер қауымын колледж директоры Мамраева Г.Б. құттықтап, олардың кәсібилігі, даналығы және колледждің дамуына қосқан зор үлесі үшін шынайы алғысын білдірді.
Мерекелік бағдарламада музыкалық және шығармашылық нөмірлер, сондай-ақ көңілді конкурстар ұйымдастырылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен көп күлкі сыйлады. Әйелдер қауымы да қызықты тапсырмаларға белсене қатысып, тапқырлықтарын, артистік қабілеттерін және әзіл-қалжыңға бейімділіктерін көрсетті.
Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, барлық қатысушыларға жарқын эмоциялар мен шынайы мерекелік көңіл күй сыйлады.
Ер азаматтарымызға алғыс білдіріп, денсаулық, амандық және бақыт тілейміз!
Толығырақ