2026 жылғы 13 ақпанда Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының ДМ-24-1, ДМ-24-3 топтарының студенттері қаламыздағы С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театры барып, Тахауи Ахтановтың «Жоғалған дос» шығармасы желісі бойынша сахналанған қойылымды тамашалап қайтты.
Қойылым студенттерге терең әсер қалдырып, достық, адамгершілік, адалдық секілді құндылықтар туралы ой салды. Театр өнері арқылы жастар рухани-мәдени дүниетанымын кеңейтіп, эстетикалық талғамын арттырды.
Мұндай мәдени іс-шаралар студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға және ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
Театр күні