2026 жылдың 28 қаңтарында Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің студенттері үшін ерекше рухани серпіліс сыйлаған жыр кеші өтті. Колледждің «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мен «Бастауыш білім беру мұғалімі» мамандығының білім алушылары Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, көптеген республикалық және облыстық жыр додаларының жүлдегері, белгілі ақын Мақсат Күземханның «Ғұмыркеруен» атты жаңа жыр жинағының тұсаукесеріне барып, рухани азық алып қайтты. Студенттер ақынның сырлы жырларын тыңдап, поэзия әлеміне терең бойлады. Болашақ педагогтер үшін заманауи әдебиет өкілдерімен тікелей жүздесу — кәсіби тұрғыдан үлкен тәжірибе екені айтпаса да белгілі. Сондықтан мұндай іс-шаралар жас буынның ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, талғамын қалыптастыратыны сөзсіз. Қара өлеңнің қадірін ұққан студенттер кештен керемет әсермен, рухани қуат алып қайтты.
Ғұмыркеруен: поэзия кешінен - рухани азық