2025 жылғы 25 желтоқсанда Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің педагогтеріне арналған "Жасанды интеллекті қолдану аясында EdTech трендтері және оқытушыларға арналған цифрлық сервистері" тақырыбында семинар өтті. Семинарды колледждің ақпараттық технологиялар ісі жөніндегі директор орынбасары Тусупбаев Абылайхан Тулегенович жүргізді. Мақсаты - жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру үдерісіне тиімді енгізу үшін EdTech трендтерін таныстыру және оқытушыларға арналған цифрлық сервистерді практикалық қолдану дағдыларын қалыптастыру. Қатысушылар жасанды интеллекті білім беру үдерісінде тиімді әрі жауапты қолдану қағидаларын меңгеріп, сабақ жоспарлау, оқу контентін әзірлеу, бағалау және кері байланыс беру бағыттарында оқытушыларға арналған цифрлық сервистерді практикада қолдана алуды, оқу тәжірибесіне енгізуге арналған нақты іс-қимыл жоспарымен танысты
Педагогтерге арналған оқыту семинары