2026 жылғы 8 қаңтарда Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде «Ерте жыныстық өмір, дағдарысты қалай тануға болады және көмекті қайдан іздеуге болады» тақырыбында дәріс оқылды. Дәрісті №1 Студенттік емханасының психотерапевт маманы Маханова Акмарал Маратовна оқыды. Дәріс мақсаты - жасөспірімдер мен жастарға ерте жыныстық қатынасқа түсудің физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік салдары туралы ақпарат беру. Дәрісте ерте жыныстық өмірдің жасөспірімнің физикалық, психологиялық және әлеуметтік дамуына тигізетін әсері қарастырылды. Дағдарыстық жағдайлардың негізгі белгілері анықталып, оларды дер кезінде танудың маңызы түсіндірілді. Студенттердің саналы таңдау жасауына, өз денсаулығы мен қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауына бағытталды. Қатысқан топтар: БМ-25-1, БМ-25-3, ДМ-25-1, ДМ-25-3, WEB-25-2, ФК-25-2, ФК-25-4, ПР-25-2.
Профилактикалық дәріс