Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

"Жаңажылдық үздік образ" байқауы

2025 жылғы 25-26 желтоқсан аралығында Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің "Жігер" СП-нің ұйымдастыруымен "Жаңа жылдық үздік образ" байқау өтті. Мақсаты - колледж студенттеріне жаңажылдық көңіл-күй сыйлау. Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздар төмендегідей болып анықталды: 1-орын: ФК-25-2 тобының студенті Аманжукенова Карина және ИН-25-2 тобының студенттері Хазиева Ольга мен Беличенко Варвара, 2-орын ФК-25-4 тобының студенті Рыбалко Константи мен ШТ-25-1 тобының студенті Акпарова Аяла, 3-орын ФКТ-24-2 тобының студенті Литау Диана мен Р-24-2 тобының студенті Ниязова Кира. "Көрермендер көзайымы" номинациясын Web-25-1 тобының студенттері Зкриянова Зарина мен Рахимбаева Дидар; БМ-24-3 тобының студенті Мухтарбекова Аңсаған; РБ-24-2/11 тобының “Зимние оленята” образындағы студенттері иеленді. Белсенді қатысушыларға алғыс білдіреміз, ал жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2026 ж. 5 қаңтар
ҚР чемпионатынан жеткен тағы бір жағымды хабар

Щучинск қаласында орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік ұйымдарының студенттері арасында футболдан өтіп жатқан “Ұлттық спорттық лига” республикалық спартакиадасында Қарағанды “ Bolashaq” жоғарғы колледжінің футбол командасы 22 мамыр күні Түркістан облысының қарсылас командасын 8:2 есебімен жеңді. Студенттеріміздің жеңіс тұғырынан табылуын тілейміз!

Толығырақ
Жаңалық
2026 ж. 5 қаңтар
Халықаралық чемпионатта - 1-орын

13.05.2026ж.-22.05.2026ж. күндер аралығында Көкшетау қаласында өткен «Dosti Skills Kokshetau 2026» халықаралық чемпионатында «Автономды мобильді робототехника» құзыреттілігі бойынша Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің «Бағдарламалық қамтамасыз ету» (түрлері бойынша) мамандығының БҚҚ-23-1 тобының студенттері Жанбырбаев Алибек, Мұхамбет Ғани жүлделі 1-орын иеленді. Аталмыш құзыреттілік бойынша 5 елден 14 команда қатысқан бәсеке өте тартысты өтті. Жеңімпаздарымызға жетекшілік еткен, сонымен қатар байқауға сарапшы ретінде қатысқан директордың ақпараттандыру технологиясы жөніндегі орынбасары, информатика пәнінің оқытушысы А.Т.Тусупбаевты және жеңімпаздарымызды тамаша жетістіктерімен құттықтаймыз!

Толығырақ
Жаңалық
2026 ж. 5 қаңтар
"Жігіт сұлтаны - 2026" байқауынан жүлделі орын иеленді

Қарағанды облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылғы 19 мамырда колледж студенттерінің арасында өткен облыстық "Жігіт сұлтаны - 2026" байқауында Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің "дене мәдениеті және спорт" мамандығының ДМ-24-1 тобының студенті Ерғанатұлы Бекнұр жүлделі 3-орын иеленді. Жеңімпазымыз бен жетекшісі А.К.Бекмағамбетті құттықтаймыз.

Толығырақ
Жаңалық
2026 ж. 5 қаңтар
КВН тұғырында

2026 жылғы 15 мамырда Қарағанды облысы білім басқармасының кубогы Жайдарман ойындарының орыс лигасында Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің студенттерінен құралған «Красти Крабс» КВН командасы жүлделі 3-орын иеленді. Сонымен қатар ПР-25-2 тобының студенті Махмудов Фаган «Мистер КВН» номинациясын иеленді. Команда құрамында ойын көрсеткен студенттерімізді мақтанышпен атап өтейік:ФК-25-2 тобының студенттері Королев Артем, Кузнецова Полина, Бельгибай Арыстанбек, Строкина Нина, Котова Алиса, Батишова Татьяна, ФК-25-4 тобының студенттері Ягудинова Диляра, Словестникова Арина, Ялымова Вилена, Рыксиев Темир, ПР-25-2 тобының студенті Махмудов Фаган. Жеңімпаздарымыз бен олардың жетекшісі, «Жігер» СП координаторы Жәмелова Д.А. құттықтаймыз!

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/