2025 жылғы 2–4 желтоқсан аралығында Астана қаласында өткен Ушу Саньда спортынан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжінің “Дене мәдениеті және спорт” мамандығының 3-курс студенті Теміргалиева Назерке жүлделі 1-орын иеленіп, Қазақстан Республикасы чемпионатының чемпионы атанды. Назеркені абыройлы жеңісімен құттықтап, еліміздің көк байрағын көкте желбірете беруін тілейміз.
Студентіміз -Қазақстан чемпионатының чемпионы