26.11.2025 күні өткен "Edcollab: бірлесіп жұмыс істеу өнері" Республикалық педагогикалық идеялар байқауының "Бейнесабақ" бағытында білім беру мазмұнын ұсынғаны үшін колледж оқытушысы Бейсенова Айгерим Нурболовна мен БМ-22-1 тобының студенті Касимова Наргиза жүлделі 2-орын иеленсе, "Білім беру бейнеподкаст" бағыты бойынша колледж оқытушысы Еркинова Зульфия Амангельдыевна мен МБ-23-1/11 тобының студенті Укибаева Гуллазат жүлделі 2-орынмен марапатталды. Сондай-ақ, "Тұжырымдамалық виртуалды көрме" номинациясын колледж оқытушысы Жексенова Бибинур Омарбаевна мен БМ-24-1 тобының студенттері Балгожина Назым, Ақмағанбетова Айдана, Кенеспаева Зарина иеленді. Құттықтаймыз!
Қос бірдей жүлделі орын