Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі өз студенттеріне тек теориялық кәсіби білім беріп қана қоймай, олардың жан-жақты тұлға болып қалыптасуына барынша жағдай тудыруда. Соның бірі – топты ұйымдастырып театрға апару. Бұл – студенттердің рухани жан дүниесіне әсер ету арқылы мәдениетке тәрбиелеу жолы. Осы мақсатта 2025 жылғы қараша айында «Дене мәдениеті және спорт» мамандығының ФК-25-2, ФК-25-4 топтары А.Чеховтің «Шие бағы» қойылымына барып, танымдарын кеңейтіп қайтты.
Театр күні