2025 жылғы 19 қарашада Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінде «Заң мен тәртіп» акциясы аясында «Қарағанды облысының жастар мен балалар ұйымдарының одағы» жастар қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Аукенов Нұртай Алпысұлының ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында спорттық ойындардан жарыс өтті. Жарысқа ДМ-25-1, ДМ-25-3 топтарының студенттері қатысты. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар тарту етілді.