2025 жылғы 19 қарашада Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінде «Заң мен тәртіп» акциясы аясында «Қарағанды облысының жастар мен балалар ұйымдарының одағы» жастар қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Аукенов Нұртай Алпысұлы, Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, аға лейтенант Абишова Перизат Серікбайқызымен және аға лейтенант Шаймерденова Айдана Даулетовнамен бірлесіп, «Нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды. Онда нашақорлық туралы түсінік, пайда болу себептерін, психоактивті заттардың түрлері және олардың адам ағзасына әсері, нашақорлықтың алдын алу туралы айтылды. Қатысқан топтар: АЖТ-25-1, WEB-25-1, ДМЖ-25-1, БҚҚ-25-1, М-25-1, БМ-25-3, ИНФБ-25-1/11, ДМ-25-1.