2025 жылғы 17 қараша күні “Бизнес сауаттылық” дәрісі өтті.
Мақсаты: Студенттерге бизнес ұғымының негіздерін, кәсіпкерліктің қоғамдағы рөлін түсіндіру; Студенттердің өз кәсібін бастауға деген қызығушылығын арттыру және кәсіпкерлік ойлау қабілетін қалыптастыру.
Дәрісті кәсіпкер, бизнес-тренер Аманжол Оразалинов өткізді. Кездесуде бизнес пен кәсіпкерліктің негізгі ұғымдары, нарық экономикасының жұмыс істеу заңдылықтары, сұраныс пен ұсыныс, бәсекелестік туралы түсініктер берілді. Студенттермен сұрақ-жауап алмасылды. Студенттер ақпаратты толық игерді.
Қатысқан топтар: ДМ-25-1, ДМ-25-3, ФК-25-4, АЖТ-25-1, WEB-25-1.
«Бизнес сауаттылық» дәрісі өтті