2025 жылғы қазан айының 29 күні жалпы білім беру кафедрасының ұйымдастыруымен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Ғасыр тарихы» студенттер арасындағы зерттеу жобасы байқауының колледжішілік іріктеу кезеңі өтті.
Мақсаты: колледж студенттерінің шығармашылық әлеуетін іске асыру және қолдау үшін жағдай жасау.
Байқауға колледждің барлық мамандық курстарының студенттері қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша 3 орынды Қ-24-1 тобының студенті Орынбасарова Айгерим және ФКТ-23-2(11) топ студенті Искакова Камила иеленсе, 2 орынды БМ-25-1 және МБ-23-1(11) тобының студенттері Артықбай Інжу, Үкібаева Гуллазат өзара бөлісті. 1 орын иегері ФКТ-23-2(11) студенті Вадутов Александр атанды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз.
«Ғасыр тарихы» зерттеу жобасы