2025 жылғы 26 қыркүйекте «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы 2024-2025 оқу жылында «Ұлттық студенттік лига» бойынша өткізілген спорттық іс-шаралардың қорытындысын шығарды. Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің облыс бойынша жалпы командалық есепте қыздар командасы жүлделі 1-орын иеленсе, ұлдар командасы жүлделі 2-орын иеленді. Республикалық «Ұлттық студенттік лигада» жүлделі орын иеленген команда даярлағаны үшін колледж оқытушысы Манат Абзал Ержанұлы Қарағанды облысы білім басқармасының алғыс хатымен марапатталды. Құттықтаймыз!
Колледж жетістігі
