2025 жылғы 18 қыркүйек күні Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» тақырыбында ерлік сағаты өтті. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің жоспарына сәйкес өткізілген ерлік сағатына Талғат Бигелдинов атындағы Әскери колледждің взвод командирі, запастағы капитан, Ауған соғысының ардагері Байкенов Асқар Сагитович қатысып, колледж студенттеріне отан алдындағы азаматтық борыш, әскери өмір талаптары туралы айтып, өзінің басынан өткен оқиғаларымен де бөлісті.
Ерлік сағаты